USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Жаңа мешіт бой түзеді

Фото: Today.kz

Сонадайдан көз тартатын бұл еңселі де көрікті ғимараттың Қожа Әбіш атымен аталуы қасиет иесін білетіндерді зор қуанышқа бөлейтіні сөзсіз.

Мен Түркменстанның Балқан облысы, Красноводск /қазіргі Түркменбашы/ қаласынан 15 шақырым жерде, Әбіш Қожа тұрған ауылдың маңында дүниеге келіппін. 1950 жылдан кейін Әбекеңмен, оның зайыбы Кенғанмен ауылдас болдық. Қай заманда да Алла тағала өзінің сүйген құлына дара қасиет дарытқан ғой. Арғы тегі Мұхамбет пайғамбардан бері қарай жалғасып келе жатқан Қожалар әулетінің, соның ішінде есімі күллі Маңғыстау жұртшылығына аян Есмәмбет әулиенің тікелей ұрпағы Әбіш Қожа шын мәнінде қасиет дарыған ерекше жан. Ол көріпкел емшілігімен қатар, адамгершілігі мол абыз ақсақал, ислам дініміздің уағыздаушысы, өзінің айқын да адал өсиетімен жастарға тәлім-тәрбие беруші ретінде де халыққа мол шапағатын тигізді. Ұлтына, ұлысына қарамай, алдына келген мыңдаған адамды ауруынан айықтырып, мүгедектіктен, белсіз- діктен, түрлі психикалық дерттерден емдеп жазған. Әбекеңнің қамшысы, аса таяғы, қолға ұстататын бір жапырақ ақ матасы талай жанның дертіне дауа болды, Жылда наурыз айында көрісе барғанымызда: «Қарақтарым, Алланы таныңдар», - деп құбылаға қарап қол жайып: «Белдеріңді мықтап байлаңдар», - деп өсиетін айтатын. Содан соң ақ батасын беріп, жолға салатын. Әбекеңнің Алланы таныңдар дегені - намаз оқып, бес парызыңды орында, беліңді мықтап байла дегені - ерінбей еңбек ет дегені еді. Маңғыстау жерінде дүниеге келіп, Әбекеңмен замандас болған әкелеріміз Боқайұлы Қанатбай мен Рахмет, шешелеріміз бала күнінен намаз оқып, ораза ұстаған. Егемен еліміздің болашақ ұрпақтары Жаңа- өзен қаласынан салынып жатқан Алланың үйі - Әбіш Қожа мешітінен дәстүрлі Ислам дінінен сусындап, қасиетті Құран Кәрімнен нәр алып, өмірдің бел-белестерінен көрініп, берекелі бірлікте бақытты ғұмыр кешулерін нәсіп ет- кей. Бүгінде 140 мыңдай халқы бар Жаңаөзен қаласынан салынып жатқан мешітке Әбіш Қожаның атының берілуін өте орынды деп білемін. Мешіттің салынуына үлес қосып, қолдау көрсеткен жандардың барлығына айтар алғысым шексіз.

Тыныштық БОҚАЕВ, Жаңаөзен қалалық ардагерлер алқасының мүшесі

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады