USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев баршаны мерекемен құттықтайды

Қадірлі қауым!

Баршаңызды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні, барлық қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысының төңірегіне топтасу күні. 1991 жылдың 1-ші желтоқсанында Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады. Сол жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан өзінің ғасырлар бойы армандаған мемлекеттік тәуелсіздігіне қол жеткізді. Осыдан 25 жыл бұрынғы тәуелсіздігіміз бастау алған тарихи кезеңге көз жіберсек, өте күрделі уақытты бастан өткізгенімізді көреміз. Кеңес Одағы таратылып, оның орнында пайда болған мемлекеттердің барлығы да ортақ дағдарысқа ұшырады. Қалыптасқан орталықтандырылған жүйе ыдырады, зауыт-фабрикалар күйреді, балабақшалар мен мектептер, спорт ғимараттары мен мәдениет орталықтары жабылды. Экономика күрделі жағдайға тап болып, халық күйзеліске ұшырады. Жұрт бойында ертеңгі күнге деген сенімсіздік пайда болып, үрей биледі. Осындай бір қиын да күрделі кезеңде елдікті, егемендікті сақтап қалудың тарихи міндеті Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жүктелді. Қиын-қыстау кезеңде қос құрлықтың арасындағы ұлан-байтақ кеңістіктегі бабадан қалған ұлан-ғайыр қонысқа ие болып, атадан қалған көк байрақты асқақтата ұстап, өз алдына ел болып, еңсе көтеру оңайға түспеді. Ұлы Абылай хан дүниеден өтер сәтінде: «Елімді бейбіт өмірге жеткізе алмадым, халқым жер игілігін көре алмады, қала, кент сала алмады, елдің басын біріктіре алмадым» деп, орындалмаған үш арманын айтып кеткен екен.

Ұлы Абылайдың осы армандарын Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті, халқының асыл перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүзеге асырды. Тәуелсіздік жылдарында егемендігін алған Қазақ елі Тұңғыш Президентінің басшылығымен қиындықтарды еңсеріп қана қоймай, макроэкономикалық тұрақтылық пен ұзақмерзімді стратегиялық міндеттерді сәтті шешуге арналған берік іргетасты қамтамасыз ететін жүйелі сипаттағы реформаларды жүзеге асырды. Қазақстан Республикасы бүкіл әлемді мойындатқан іргелі мемлекетке айналып, көпғасырлық тарихындағы ең бақытты дәуренге қол жеткізді. Дамудың өркениетті жолына түскен ел өміріндегі барлық жақсылық, әрбір сәтті қадам Елбасы есімімен тікелей байланысты. Жүз отыздан астам этнос өкілін біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблея- сын құру, Батыс пен Шығысты өркениетті қарым-қатынасқа тарту, Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Астана қаласын салу және елордамызда дүниежүзілік ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу және тағы басқа да көптеген толағай табыстарымыздың барлығы да игі істердің көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының толайым жемісі. «Қазақстан – 2030» және «Қазақ- стан – 2050» стратегиялары Тәуелсіздікті нығайтудың басты мақсаттары мен міндеттерінің нақты пайымын көрсетіп берді.

Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы мен бес институттық реформаны іске асырудың 100 нақты қадамы – Ұлт жоспарында белгіленген мақсаттар қазақстандықтардың бірігуі мен топтасуының қуатты факторы болып табылады. Бүгінгі Қазақстан терең әлеуметтік- экономикалық жаңғыру, интеграциялану мен жаһандану үрдісін күн санап нығайта түсуде. Қазақстандық қоғамды жаңа индустриалдық-инновациялық жағдайлардағы өмірге дайындау, үдемелі экономикалық даму мен азаматтарды қоғамдық игіліктермен кеңінен қамтама- сыз ету – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Қадірлі қауым! Ақындар мен батырлар елі атанған – киелі Жамбыл ауданының тұрғындары! «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» деген қанатты сөзі бар. Бүгіндері Елбасыға тіреу болып, бастар іске демеу болып жүрген текті халықтың ұрпағы мына сіздерсіздер, қадірменді ағайын. Қиын-қыстау кезеңдерде жұдырықтай жұмылудың үлгісін танытып, дархан пейілдің арқасында ұлт пен ұлыстың панасы болған кең жүректі халқына сенім артқан тұңғыш Президентіміз «Ел көшін бастау – маған сын, мені қостау – елге сын...» деп, даналықтың үлгісін паш етті. Елбасы сеніміне лайықты болып, әрдайым елдігіміз бен бірлігімізді көрсете білу сіздер мен бізге сын. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге табыс, елімізге тыныштық пен береке-бірлік тілеймін! Елбасымыз – ғұмырлы, тәуелсіздігіміз – тұғырлы болсын ағайын!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады