USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Ұстазыңыз ғаламтор болса....

Пышақ пен оттың пайдасы мен зияны, жақсы тұсы мен жаман жағы секілді қазіргі таңда ой елегінен өткізуді қажет етпей, тек аталған дүниелерді «өз шегінде ғана қолданса жақсы» деген жауапты өз ішімізден қайталап қоя береміз. Осындай мәселелерден күрделірек болған, бүтіндей елдің тағдыры, қоғамның ауызбіршілігіне кері әсерін тигізіп жатса да, жеткіншек ұрпағымызға «осылар тыныш болсын» деген желеумен қолдарына шекарасын көрсетпей қару ұстатып жатқанымызды сезбей келеміз. Ол қандай қару десеңіз – білімсізге берілген ғаламтор. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, еліміздің 13 миллион тұрғыны кез келген уақытта ғаламтор кеңістігіне кіріп, ақпарат алуына мүмкіндік алған. Яғни, жастардың барлығы дерлік ғаламторға (интернетке) кіреді. Қуанарлық жайт, заманауи жаңалықтарды дер кезінде алды деп жар саламыз. Алайда бұл жүйені қолдану әлемге «кибертерроризм», «киберсоғыс» деген түсініктердің бергі басы 11, арғы басы 18 жасар қызын аямай, «дінің үшін соғыс» деп лаңкестерге деп бере салған әке де осы ғаламтордан келген бәлекеттің әскеріне айналғанын бірі білсе, бірі білмейді. Сізде «Ғаламтор сонымен пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген ой туындаған болса, төмендегі сұрақтардың ең құрығанда екеуіне «Иә!» деп жауап беріп көріңіз: 1.Қандай ақпаратты «террорист және экстремисттік» деп тануға болатынын білесіз бе? 2.Қандай сайттардан дұрыс діни ақпарат алуға болатынын білесіз бе? 3.Қандай қосымшаларды қолданып, ғаламтор бетіне шығатын «жағымсыз» жарнамаларды алып тастауға болатынын білесіз бе? Егер екі жауабыңыз «Иә» болса, түсініңіз, ғаламторды пайдалану шекарасын сіз толық білмейсіз. Өзіңіз меңгермегенді балаларыңызға берер ме едіңіз? Адам баласы туылғалы бері ізденіске, таным процесіне құштар келеді. Оларда дүниеге келуден бастап, өткеннен кейінгі өмір жөнінде ойлар келе бастайды. Осындай сәттерде ата- ана бере алмаған жауаптарды бала өзіне «жақын» болған ғаламтор беттерінен іздей бастайды. Осындай сәттерді күтетін радикалды, жат ағым мүшелері, түрлі секталардың өкілдері, дәстүрлі емес ағым мүшелері сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы өзінің ұйымына тартуға (рекрутинг) әбден дағдыланған. Онда түрлі психологиялық, санаға әсер ететін суреттер, бейне, аудиожазбалар, мәтіндер арқылы салт-дәстүрден қашықтататын, халықтық ғұрып пен әдеттен жиіркендіретін, тіпті ата-анасын «кәпір» деп айтқызуға итермелейтін «ұстазсымақтар» бар екенін ескертеміз. Егер де діни сұрақтарға жауапты ресми тіркелген мекемелерден алуға өзіңізге белгілі себептер кедергілер болса, төмендегі сайттардан ғана алуға кеңес береміз: 1. muftyat.kz – ресми тіркелген Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының (ҚМДБ) сайты. 2. old.muftyat.kz/kz/partner – Қазақстан Республикасы көлемінде қызмет етіп жатқан ҚМДБ-ның өкілдіктерінің сайттары (тізімде – 22 сайт бар). 3. aqmeshit.kz – Қызылорда облысының «Ақмешіт - Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты. Сайт арқылы мешіт қызметкерлеріне сұрақ қойсаңыз болады. 4. dzo.kz – Дін мәселелерін зерттеу орталығының ресми сайты.

Қуанышбек РАХМЕТОВ, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының Қазалы ауданы бойынша маманы.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады