USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Ұлт саясаты-тұрақтылық кепілі

Фото: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ

Президент күні мерекесін атап өту әлемнің өркениетті елдерінде бұрыннан қалыптасқан дәстүр. Қазақстанда да соңғы жылдары еліміздің тұңғыш Президенті күні мерекесінің аталып өтуі халықтың кең қолдауына ие болуда. Өйткені, Тәуелсіздіктің 25 жылында Қазақстанды өркендетуде Елбасының атқарған еңбектері орасан. «Ынтымақ бар жерді ырыс мекендейді»- дейді нақыл сөзде. Ең бастысы Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлт саясатындағы ұстанған жолы мен бағдарламасы Қазақстандағы тұрақтылықтың кепілі болып келеді.Әркімнің ортақ Отанымен қатар өзінің жүрегіне ыстық кіші Отаны бар. Мен үшін сол кіші Отаным өзіме ұзақ жылдардан бері тауы да, тасы да, орман суы да, азаматтары да етене жақын болып кеткен Нарынқол ауылы. Ауданда ұзақ жыл орман шаруашылығын басқарып, бұл өлкенің сұлулығы мен ұлылығына әбден тәнті болған азаматпын.

Сонымен қатар ауданның әр ауылында да құшағымды айқара ашып, сағынысып көрісетін замандастарым, бауырдай, достай болып кеткен сырластарым бар. Елбасының сарабдал ұлт саясатының нәтижесінде Қазақстанда тұратын әрбір ұлт та өзара бауыр, туыстай өмір сүруде. Мысалы, Германияға қоныс аударған бір неміс әйелінің тарихи Отанына үйрене алмай қайтадан туып-өскен Семей өңіріне жеткенде қуаныштан «Айналайын, қазақ даласы!» -дегенін теледидардағы сұхбатынан естіген едім. Әлдебір жұмыспен сыртқа іс-сапарға шығып оралсам, ауданның шекарасына жеткенде менің де жүрегімнің түпкірінде осындай бір жылы сезім тулап жатады. Елбасы атап өткендей, әрбір азамат «Қазақстан –менің Отаным, менің елім» деген ұранның маңайына топтасса, табысымыз да молая бермек. Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған біртұтас рухани, мәдени байланыстарымыз жалғаса берсін. Тұңғыш Президент күні мерекесі құтты болсын, жерлестер!

Виктор БУХАНЦОВ, еңбек ардагері, Нарынқол ауылы

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады