USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

«Ұлытау» қорық-мұражайы этнографиялық экспедициясын қолға алды

Жуырда «Ұлытау» қорық-мұражайы этнографиялық экспедиция ұйымдастырды. Негізгі бағыты «Ұлытау-Қызылорда-Отырар-Ордабасы-Түркістан-Шымкент-Тараз». Мақсаты— осы бағытта орналасқан музейлермен және қорық мұражайлармен өзара іс-тәжірибе алмасу және жәдігер жинау.

Экспедицияның алғашқы күні Қызылорда облысының Абай ауылында болдық. Ауылдан жәдігерлер жиналды. «Ұлытау» елді мекені туралы хабардар еттік. Келесі күні Қызылорда қаласына келіп, Қызылорда «Қазқайта жаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда облыстық филиалына барып, директор Шыңғыс Қанатбаевпен танысып, өзара пікір алмастық. Ұлытау жеріндегі тарихи орын Жошы мазарын қоршауға алу үшін жасалынып жатқан қоршаулар сапасын көріп, жұмыс барысымен таныстық. Қызылорда облыстық өлкетану мұражайында болдық. Мұражайдың директорының орынбасары Ахметова Жаннат Дәуренқызына қызына жолығып, өңір тарихын зерттеу мақсатында шекаралас жатқан елмен «Бұланты шайқасы» болған қазақ тарихының зерттелмеген ашылмаған беттерін нақты дәлелдермен ашып көрсету негізінде қызылордалық мұражай қызметкерлерімен кездесіп ой бөлістік. Ұлытау мұражайында өткен халықаралық конференция жинағы «Бұланты шайқасы» кітабы сыйға ұсынылды.

Мұражайдың жаңа экспозициясының ғылыми қызметкері Сағитжанова Эльзира Нағашыбайқызының түсіндіруімен араладық. Мұражай қорын көріп әртүрлі этнографи- ялық жәдігерлердің топтамасымен таныстық. Келесі күні Шиелі ауданына жол тарттық. Қазақ қолөнерінің, оның ішінде кілем тоқудың орталығы ретінде өнерді сақтаған елді мекендерге экспедициямыз жалғасты. Әрбір үйде тоқыма кілемдер тықыр кілемшелер кездеседі. Шиелі ауданының елді мекендері Гигант, Бестам, Ә.Тәжібаев (Телкөл), Алғабас ауылдарына барып, тұрғын үйлерді аралап, қазақ халқының салт-дәстүрін сақтау мақсатында көнерген, ата-бабалар пайдаланған заттарды жинастырдық. Тоқыма кілемдер, бау-баскұрлар, келі-келсаптар, тас диірмендер, күбі-піспегімен, ұршықтар, кілем тоқитын тарақтар, білезік, жүзіктер, мыс ожау, кепсер, шапашот сияқты өте құнды жәдігерлер жинақталды.

Атап айтсақ, көнекөз қариялар Гигант ауылынан Ержанова Құрманкүл, Шадиева Оразкүл, Шиелі ауылынан Мырзалиева Зиткен, Аршагүл Бейсенбайкызы, Өтебаева Үмсінай, Сыздыкова Ділдаш, Өтегенова Амина, Биғанша Нысанбайқызы, Халифа Ажарбаева, Құлжанова Фатима, Алайдарова Бибісара, Жұмабекова Құндызай сияқты абзал жандар болды. Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағам түрлерінің жасалу, дайындалу жолдары жинақталған. Экспедиция өз жұмысын «Отырар» қорық мұражайында жалғастырды. Мұнда директор орынбасары Серік Ақылбек, есепші Ұлбала және бас қор сақтаушы Ералы Шоқаймен пікірлесіп, «Бұланты шайқасы» кітабы сыйға тартылды. Мұражайдың жаңа экспозициясы жабдықталу үстінде екен. Қор жәдігерлерін сақтау, өңдеу жолдарының тәсілдерімен танысып, кұмыра жасау станогы мен күйдіру пешінің жасалу технологиясымен таныстық. ЭКСПО-2017 қарсаңында мұражай жанынан этнокешен орталығын ашу жұмыстары қолға алынып, көптеген алты- бақан, ұста қомасы, құмыра күйдіретін пеш орны сияқты істер атқарылған екен.

Әріптесіміз Е.Шоқайдың айтуынша, желтоқсан айында этнокешеннің ашылуы болмақ. Сонымен қатар қор жәдігерлерін қайта жаңғырту жұмыстары бойынша да іс-тәжірибе алмасылды. «Әзірет-Сұлтан» Түркістан қорық мұражайына жолығып, директордың орынбасары Есжан Ержанмен тарихи ескерткіштерді құжаттандыру жұмыстары бойынша өзара пікір алмасып, қор бөлімі қызметкерлерінен қазақтың зергерлік бұйымдарын жинақтау, сақтау іс-шаралары бойынша тәжірибе алмасты.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық мұражай директоры Т.Молдакынов қабылдауында болып, мұражайдың қат-қабат атқарылып жатқан жұмыстары жайлы әңгімелесіп, «Бұланты шайқасы» кітабы сыйға берілді. Ежелгі көне Тараз тарихын зерттеу мақсатында мұражай қорығы терри ториясында археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр екен. Қазіргі күнде Қызыл қорған қалашығы орны қазылуда. Көптеген жәдігерлер атап айтар болсақ қыш құмыралар, май шамдар, сфероконустар, табақшалар, қыш дастархан бөлшегі, құмыра сынықтары т.б. да бұйымдар көптеп табылуда. Өте құнды жәдігердің бір бөлшегі ретінде май шам мен сфероконустың бір бөлшегі мұражай қорына алынды. Келесі күні жәдігер жинау және өткен тарих жолдарын іздестіру мақсатында Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент елді мекеніне барып, ел анасы жасы тоқсаннан асқан Рымжан анадан 1929-32 жылдары Бетпақдала арқылы Арқадан үдере көшкен қалың қазақтар өмірі жайлы мәліметтер жинастырылды. Экспедиция барысында Тараз өңірінен де көптеген құнды жәдігерлер ағаш шара, түкті кілем, мыс табақ, кимешек, ұршық, білезік, жүзіктер т.б. жинақталды. Міне, бірнеше күндер бойы жүріп өткен этнографиялық экспедиция нәтижесінде жүзден аса жәдігер жиналып, мұражай қоры толыға түскендей.

Н.РАЙЫМОВА, «Ұлытау» қорық- мұражайының қызметкері. Суреттерде: экпедиция кезінде жинақталған жәді- герлерден көрініс.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады