USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Туу туралы куәлікті үш күнде жасатуға болады

Жағымды жаңалық. Енді туу туралы куәлікті бір ай күтпестен, үш күнде жасатуға болады. Күні кеше Сырбойылық аналардың алғашқы легі перзентханадан шықпай-ақ, сәбиінің төлқұжатын алып үлгерді. Бұл биыл қабылданған жаңа заң жобасының жемісі, деп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» арнасы.

Сәбидің төл құжатын табыстау уақытын қысқарту қажеттілігі осыған дейін жиі айтылып келді. Ал, тууды тіркеудің заңда белгіленген мерзіміне нақты өзгеріс шілде айында қолданысқа енгізілді.
«Неке және отбасы туралы» кодекстегі тағы бір өзгеріс: композиттік қызмет қолданысқа енгізілді. Яғни, баланың тууын тіркеу, оған жәрдемақы тағайындау, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу, сондай-ақ баланы балабақша кезегіне қою сынды 4 бірдей қызмет енді перзентханада көрсетіледі. Тағы бір жаңалық: сәби дүниеге келгеннен кейінгі қажетті құжаттарды қабылдау жұмыстары электронды түрге ауысты. Ол үшін ХҚКО облыстағы әрбір емхана, перзентханаларда «е-gove» бұрышын ашуды қолға алмақ, - дейді облыс бойынша әділет департаментінің басшысы Қалдыбек Сапаров.

kyzylorda-news.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады