USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Тұрғындар мəселесі шешіледі

14 қазан күні аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ағзам Тастеміров Арықбалық ауылдық округіне қарасты Горное ауылында болып, тұрғындардың арыз-шағымдарымен танысты. Ауыл тұрғындарының басты мәселелері ауылда жанармай құю станциясының жоқтығы, интернет желісі мен ұялы байланыстың тартылмағандығы, жұмыссыздықтың белең алуына орай жастардың жаппай қалаға көшуі салдарынан көптеген үйлердің қаңырап қалғандығы еді. Сонымен қатар, бей-берекет сатылатын арақ-шараптың да тұрғындар үшін біршама мәселе тудыратыны сөзсіз. Ал қаңғыбас иттердің көбеюі де ауыл тұрғындарының бас ауруларына айналған. Тұрғындардың мәселелерін шешуде аудан басшысы Ағзам Ахметжанұлы жанармай құю станциясын салу мәселесінің жуық арада шешілетінін, қазіргі уақытта нысанды сатып алу жұмысы жүріп жатқандығын айтты. Сонымен қоса, интернет пен ұялы байланыс желісін орнатудың да шешімін табуды міндетті мәселелердің бірі екендігін алға тартып, егер ауылда бюджеттік ме- кеме есепке алынса, оның шешімін табуға болатынын жеткізді. Ауыл тұрғындарының тек қана шағымы емес, аудан басшылығына деген алғысы да бар екен.

Бұған себеп – Горное ауылын Саумалкөл ауылымен байланыстыратын күре жолдың жөндеуден өтіп, жол сапасының жолау- шылар үшін қиындық тудырмағаны еді. Арық балық ауылдық округінің әкімі Қалымтай Шараповтың ақпаратына сүйенсек, ауылда барлығы 80 үйдің 71 кісілер тұрады. Ауылда барлығы 161 адам бар. Сонымен қатар, аудан әкімі Ағзам Ахметжанұлы бұл күні осы ауылдың тұрғындары, отасқандарына мерейлі 55 жыл болған екі отбасына арнайы барып, мерекелерімен құттықтады. Алғаш болып Иван және Нина Егоровтардың шаңырағына бас сұққан аудан басшысы мерейтой иелерін құттықтап, естелік сыйлығын табыс етті. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы жұптарын жазбаған қос қарияға аудан әкімі аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімелеп берді. Сонымен қатар, қариялардан қандай да бір мұқтаждықтарының бар-жоғын сұрап, қариялардың Арықбалық-Горное бағытында жүретін автобус не такси қызметі іске қосылса деген өтініштерінің орынды екенін айтып және аталған бағытта такси қызметін ұсынатын жеке кәсіпкер тауып, бұл міндетті қолға алатынын жеткізді. Содан кейін Владимир мен Любовь Зальвоскийдің отбасына барып, мерекелерімен құттықтап, кейінгі жас ұрпақтарға отбасы болудың, отбасы құндылығының айнымас үлгісін көрсетіп отырғандары үшін үлкен алғысын айтты.

Мақпал СЕРІКБЕКҚЫЗЫ, Суретті түсірген автор.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады