USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері

Жақында қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтеді. Басқа аймақтар сияқты Шығыс Қазақстан да құрылу кезінде шарықтау мен құлдыраудан өтті. Барлық қиындықтардан өткен Шығыс Қазақстан бүгінде республикамыздың ірі өндірістік, аграрлық, энергетикалық және мәдени орталығы болып табылады. Өткен уақытты қорытындылай келе, аймағымыздың жетістіктерін еске алайық.

Тәуелсіздіктің 25 жылында Шығыс Қазақстан облысының құрылуы әлеуметтік-экономикалық жүйедегі ауқымды өзгерістермен сипаттала- ды. Мұндағы басты жетістік - халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруын айтуға болады. Жалпы өңірлік өнім көлемі 25 жылдың ішінде 8,8 млрд. теңгеден 2,3 трлн. теңгеге 260 есе өсті. Халықтың жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім 5 мың теңгеден 1 млн. 656 мың теңгеге артып, 330 есе өсті. Ал жұмыссыздық деңгейі 11 пайыздан 4,8 пайызға азайды. Ғасырдың бір ширегінде аймағымыз өнеркәсіптік өндірістің көлемі бойынша алға басып, 34,1 мың есе артты. Қазіргі күні Шығыс Қазақстан дүниежүзілік қауымдастыққа бір жылдың ішінде миллионға жуық тонна мырыш, титан, мыс, қорғасын, магний, алтын, күміс және сирек кездесетін металдарды экспорттайды. Облысымызда бұрында Қазақстанда болмаған өндіріс іске қосылды. Бұл - жеңіл және жүк автокөліктерін, жолаушылар автобустарын, тракторларды, минерал- мақта өнімдері мен 05В-тақталарын шығаратын зауыт. Индустрияландыру картасының бастау алғанынан бері 220 млрд. теңгеге 44 жоба жүзеге асырылып, 18 мыңнан астам жұмыс орны пайда болды.

Аймағымыздың сәтті дамуының кепілі - инвестиция тарту. Инвестиция тарту принципі бойынша өңірімізде мемлекеттік жеке серіктестіктің түрлі формалары дамып, концессиялық жо- балар арқылы шетелдік инвестиция тартылуда. 1999 жылдың деңгейі бойын- ша 25 жылдың ішінде негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 21,9 млрд. теңгеден 412 млрд. теңгеге артып, 18,8 есе өсті. Облысымызда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және тек аймақтың ғана емес, бүкіл республиканың эконо- микасына ауқымды үлес қосатын жақсы дамыған аграрлық-өнеркәсіптік кешен жұмыс істейді. Тәуелсіздік жылдарының ішінде ауылшаруашылық жалпы өнімнің көлемі 367 млрд. теңгеге өсті. Осындай өсуді қамтамасыз ететіндерге барлық жағдай жасалуда. Тәуелсіздік жылдарында аймағымызда 138 мектеп, 118 денсаулық сақтау нысандары және 311 спорт нысыандары салынып, қолданысқа тапсырылды. Тұрғын үй құрылысы экономикалық даму мен халықтың тұрмыс деңгейін алға тартар күші болып табылады. 25 жылдың ішінде барлық қаржыландыру көздерінің арқасында 5 млн. 746 мың шаршы метр тұрғын үйлері қолданысқа беріліп, Шығыс Қазақстанда 65 мың отбасы үй-пәтер жағдайларын жақсартып алды. Бүгінгі күні тұрғын үйлердің құрылысы «Аймақтарды дамыту бағдарламасы-2020», «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламаларының аясында жүзеге асырылуда. Айта кету керек, 2016 жылдың өзінде барлық қаржыландыру көздерінің арқасында облыс бойынша 8 ІЗ6 пәтері, әрі жалпы аумағы 630,2 мың шаршы метр болатын 104 көппәтерлі тұрғын үй мен 24 әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы жүріп жатыр. Осы айтылғанның барлығы да жетістіктеріміздің бір кішкентай бөлігі ғана.

Түрлі республикалық және халықаралық жобалардың инициаторы атанған Шығыс Қазақстан облысының келешекке деген жоспарлар көп. Тәуелсіздік жылдарында Шығыс Қазақстан облысында ауылшаруашылық, өнімінің жалпы көлемі 367 млрд. теңгеге өсті. Облыста ауылшаруашылығы қарқынды дамуда. Аймағымыз Қазақстанда өсімдік майы, бал және сүт өндіруден басты орында. Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіп саласындағы басты бағыттары тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылық шикізатын кешенді қайта өңдеу және өндірілген өнімнің бәсекелестігін арттыру болып та- былады. Облыс республикамызда ет пен сүт өндіруден алдыңғы орындарда тұр. 2015 жылы кәсіпорындар әрбір шығысқазақстандыққа шаққанда 85 кг астам ет пен 500 кг астам сүт өндірді. Алайда, аймағымыздың мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Сондықтан, аграрлық сектор қызметкерлерінің алдында жаңа міндеттер тұр. Бүгінде жаңа қарқынмен жүзеге асып жатқан бағдарламаның арқасында сауын сиырлардың санын 12 мыңға, ал сүттің жылдық өнімін 21 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік беретін 9 жаңа тауарлы-сүт фермасы салынып, 28 ферма қалпына келтіріліп жатыр. Тағы бір қор - жеке қосалқы шаруашылықтардан сүтті сатып алу. Облысымызда 36 зама- науи сүт қабылдау пункті жұмыс істейді алғашқы жарты жылдың ішінде халықтан 8700 тонна сүт сатып алынды. Республикамызда ең ірі бал өндіруші болып табылатын аймағымыз шипалы өнім өндірісінің келемін 90-шы жылдармен салыстырғанда төрт есе көтерді, ал бұл - жылына 2 мың. тоннадан астам бал. Облыс мал шаруашылығы көлемін және ішкі тұтыну үшін өнімді өндіруді арттырып қана қоймай, сонымен қатар сыртқы нарыққа да шығады. Экспорттық бағытта ұсақ қара малдың саны және оның Иран, Қытай, Ресейге шығуы арту- да. Ал былғары шикізатын Италия, Ресей және Қытайға өткізу жоспарланып отыр. Облысымызда ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 12,3 мың шаруа қожалығы, заңды тұлғалардың 675 ауылшаруашылық құрылымы және 151,9 мың үй шаруашылығы айналысады.

Ақпараттық орталық.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады