USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Тәуелсіздік - басты байлық

Еліміздің, ондағы хал- қымыздың ең басты байлығы - Тәуелсіздігімізге міне, 25 жыл толып отыр. Тарих үшін, әрине, бұл қас-қағым сәт. Бірақ, саналы адамдар үшін 25 жыл өзіндік белгісі бар өмір, өткенді сараптап, болашаққа көз жүгіртіп, ой електерінен өткізіп, нені білдік, нені түсіндік, не тындырдық, енді не істеуіміз керек, осы байлығымызды - Тәуелсіздігімізді қалай сақтап қаламыз деп ойланып-толғанатын ұзақ уақыт.

Еліміздің, халқымыздың арғы қилы-қилы тарихы- на тоқтамай-ақ, бұдан 25 жыл бұрынғы тарихына тоқталсақ, біз бір үлкен елдің құрамында 70 жыл бойы Кеңестік Социалистік республика одағында болдық, сол үлкен елдің ұлтын «аға» деп санадық. Сол «Үлкен ағаның» айтқанымен жүрдік, істегенін істедік. Басқа ұлт бола тұрсақ та, өзара сол «ағаның» тілімен сөйлесіп, кейбіреулеріміз өз ана тілімізді ұмыта бастадық, сол «ағаның» әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне еліктеп, өзіміздің рухани байлығымызды естен шығара бастадық. Сол «ағадан» қалмайын деп арағын да ішіп үйрендік, «жақсы шәкірт» болғанымыз соншалықты, бұл салада тіпті олардан озып та кеттік. (Бұл саланы меңгер- геніміз сондай сүйегімізге сіңіп, кейбіреулеріміз әлі айыға ал- май жүрміз). Аллаға шүкір, 1991 жылы елімізге Ұлы Тәуелсіздік те келіп жетті. Тәуелсіздік алғаннан кейін, әрине, бірден аяққа тұрып кетпегеніміз бәрімізге аян. Әлемге беймәлім елдің болашағы бұлыңғырлау көрінгені рас. Бірақ, қазақ халқы еш уақытта мойыған жоқ. Елбасы айтпақшы: «Тәуелсіздік алған тұста бұрынғы Кеңес Одағының соңында қалған республи- ка болатынбыз. Экономикамыз әлсіз, қолда бар өндірістер мен зауыттар әбден ескірген. Мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы, зейнеткерлерге зейнетақы тауып берудің өзі қияметтің қиыны болатын». Десек те, қиын-қыстау шақты артта қалдырып, еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Ал, қазір, тәуелсіз 25 жыл өткенде еліміз де, өзіміз де, өміріміз де, санамыз да өзгерді. Өз саяси ұстанымы бар, экономикасы дамып келе жатырған, бейбітшілікке ұмтылған, Біріккен Ұлттар Ұйымы мойындап, мүшелігіне қабылдаған, әлем елдері таныған Тәуелсіз Қазақстан еліне айналдық. Бұл ретте Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ерекше еңбегін ешкім жоққа шығара ал- майды. Ең бастысы - ұлттығымыздың бағасы жоқ байлығы бо- лып табылатын ұлттық құндылықтарымыз - тіліміз, діліміз, дініміз, әдет-ғұрыптарымыз, салт-дәстүріміз қайта орала ба- стады. Бұл үрдіс жанымызға тәтті үміт ұялатып, жүрегімізге жылылық әкеліп, болашағымыздың жарқын болатынына сенім туғызды. Енді біздің басты міндетіміз - осы Тәуелсіздікті нығайта түсу, қорғау, мәңгі сақтап қалу. Тәуелсіздікті қорғау және оны сақтаудың жолы - ел ішіндегі татулық, ынтымақ, бірлік, сабырлылық деп білемін. Дегенмен, бізді ойландыратын мәселелер де бар. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар қазір әлемнің түкпір-түкпірінде қандай алапат оқиғалар болып жатқанынан хабардар. Елі де, жері де жоқ бүтін бір ұлттың үмітсіз босып жүргенін, кейбір халықтардың ел ішіндегі соғыс зардабынан туған жерін, елін тастап, босқынға айналып, мұхит асып, жартысы жолда қырылып, мыңдағаны баспанасыз, бөтен елді сағалап жүргенін білеміз. Исламға жат, радикалды діни ағымдағы топтардың бас көтеруі, бейбіт халықтардың қырылуы бәрімізді де ойланды- руы керек. Қазір XXI ғасыр, жаһандану заманы. Қазіргі кейбір жастардың, әсіресе балалардың ойлау деңгейі, бұрынғы балалардың ойлау деңгейінен өзгеше бағытта. Өздеріңіз білетіндей, бүгінде ақпараттың толассыз дамыған заманы. Бала үйге келген соң теледидар мен компьютердің алдында. Жасыратыны жоқ, кейбір жастарымыз осы компьютер, теле- дидар арқылы біздің менталитетімізге жат батыстың идеоло- гиясына еліктейді, сөйтіп біздің ұлттық құндылықтарымызды ұмыта бастайды.

Егер балаларымызды, жастарымызды біздің елдің болашағы деп есептесек, онда бұл факторлар ұлтымыздың бірлігіне, еліміздің тәуелсіздігіне жақсылық әкелмейді. Сондықтан біздер, әсіресе ата-аналар баланың тек білім алуына ғана емес, сонымен бірге саналы да, рухани құндылықтарымызды сақтай білетін тәрбие алуына көбірек әрі тиянақты көңіл бөлуіміз керек. Екінші бір тәуелсіздігімізге, тіпті бүтіндей ұлтымызға қауіп төндіретін күштер - бұл исламға жат пиғылдағы әртүрлі радикалды бағыттағы діни ағымдағы топтардың елімізде бас көтеруі. Бұл топтардың түпкі мақсаты - ел ішіне іріткі салу, бір ұлтты өзара араздастыру, ұлттың санасын улау, түптеп келгенде ұлтты ұлт ретінде жою, зомбиге айналдыру. Өздерің ойлаңдаршы, баласын, жарын, әке-шешесін, тума- ластарын ойламай өзін-өзі жарып жіберетін келіншектерді немесе жігіттерді саналы адамдар деп айтуға бола ма? Олар санасыз жандар, олардың санасы уланған, зомбиге айналған. Олар діннің не екенін, оның философиясын, діннің бейбітшілікті, имандылықты сүйетін рухани құндылық екенін білмейді, қасиетті Құранды түсініп оқымайды. Қазір интернетте, немесе оңаша пәтерлерде діни уағыз айтушылар көп. Менің айтарым: Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы бекіткен ресми имамдар бар, мешітке ба- рып солардың діни уағыздарын тыңдау керек. Жоғарғы билік, осындай күштердің одан әрі өршуіне жол бермей, олардың әрекеттеріне заң жүзінде тосқауыл қойса, бұл да тәуелсіздігімізді қорғаудың бір құралы болып табы- лар еді. «Жау жоқ деме, жар астында» дейді даналық. Сақ болайық, тәуелсіздігімізді сақтайық! Сөз жоқ, еліміздің экономикасы жылдан-жылға дамып келе жатыр, бірнеше өндіріс орындары ашылып, зауыт, фа- брикалар салынуда. Шағын және орта бизнестің өркендеуіне жол ашылуда. Сол сияқты өз қаламыздың да келбеті өзгеріп, жылдан жылға көркеюде. Дамыту қажет тұстар да бар. Жұмыссыздық мәселе- сін мемлекет үнемі назарда ұстап, шешу жолдарын қарас- тыруда. Сол сияқты біздің қаламызда да бұл мәселе бар, оны шешуде қала әкімдігі мен «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басшылығы бірлесіп жоспар құрып, сол жоспар бойынша жұмыссыздардың алғашқы тобы жұмыспен қамтылды. Сөйтіп кезең-кезеңмен жұмыссыздықта тіркеуде тұрғандар жұмыспен қамтылатын болады.

Мен бұған сенемін, себебі осы жұмыссыздарды жұмыспен әділ түрде қамту комиссиясының мүшесімін. Бұл мәселені шешуде қала әкімі Елубай Әбіловтің табандылығын баса айта отырып, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басшысы Д.К.Хасановқа осы комиссияның мүшесі ретінде тұрғындардың алғысын жеткізгім келеді. Осы жерде мынадай мәселені баса айтқым келеді. Жұмыссыздар көбінесе жастар, көбіне олардың орнына жұмыспен қамту орталығында ата-аналары жүреді. Жаста- рымыз мұнай саласында ғана жұмыс жасағысы келеді. Ал оған мүмкіндік жоқ екендігі түсіндірілуде. Маңдай термен тапқан ақы - адал, еңбек - шын ықыластың жемісі. Соның бәріне сабырлылықпен қарап, «Сабыр түбі сары алтын» дейді ғой халқымыз. Сабырсыздық елімізге тұрақтылық әкелмейді, түсініспеушілікке, берекетсіздікке жол ашады. Сондықтан, баршаңызды сабырлылыққа, бірлікке, татулыққа шақыра отырып, басты байлығымыз - Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтаймын! Төл қаламыз, атышулы қаламыз Жаңаөзен бейбіт жолмен көркейіп, өркендей берсін! Қазақстан - Отаным, Маңғыстауым - тұрағым. Көркейіп, жайған қанатын Жаңаөзенде тұрамын. Тәуелсіздік - байлығым, Татулық. Бірлік - ұраным! Елім аман, халқым сау - тәңірден осы сұрарым.

Өтеулі САРЫБЕК, Жаңаөзен қаласының мемлекеттік мұрағатының қызметкері, еңбек ардагері

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады