USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов мерекемен құттықтады

Фото: Қаз - Қазақстан

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiмен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі таңда ата-бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, етек-жеңімізді жинап, әлемнің азулы елдерімен тереземіз теңесті. Бұл жолда Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі айрықша.

Ұлы Дала елінің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздік жылдары бірліктің арқасында биік белестерді бағындырып, әлемге танылды.

Ұлтаралық келісімнің арқасында еліміздің қоғамдық өмірі, экономикасы, ғылым және мәдениет саласы дамып, әлем аренасында қарқынды дамудың эталонына айналдық.

1991 жылғы 1 желтоқсанда қазақстандықтар өзінің тұңғыш президентін сайлап, тәуелсіз еліміздің жаңа тарихы қалыптасты.

Ұлт Көшбасшысының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш болып ядролық қарудан бас тартты. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер орын алды.

Қазақстанды ешқандай қантөгіссіз өркениетке жетелеп, дамыған мемлекеттердің алдыңғы қатарынан көрінуі үшін еңбек етіп жүрген Елбасы: «Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі»,-деп, қазақстандықтарды өзара түсіністік пен келісімді сақтауға әрдайым шақырады.

Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, Тәуелсіздігіміздің даңғылын Нұрлы жолға айналдырып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының міндеттерін орындау жолында баршаңызға зор табыстар, сәттілік, амандық береке-бірлік тілейміз!

Мерекелеріңізбен!

Құрметпен,

Семей қаласының әкімі Ермак СӘЛІМОВ

Қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсембек АҚЖАЛОВ.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады