USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Орталықтың ашылуы жоспарлануда

Қызылордада «Қиын жағдайда отбасы мен балаға қолдау көрсету орталығының» ашылуы жоспарлануда. Бұл жобаның ұйымдастырушысы Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы бірлестігінің қолдауымен «Чернобыль және Арал балалары» қоғамдық бірлестігі болып табылады. Қор директоры Құралай Исаеваның мәлімдеуінше, аталмыш жоба пилоттық болып есептеледі.

- Қазір біз мүгедек балалардың ата-аналары, көпбалалы отбасылармен, аутизмі бар балалар мен онкологиялық аурулармен ауыратын балалардың ата-аналарымен әр түрлі кездесулер өткізіп отырамыз, - деді Қ.Исаева. – Бұл кездесулердің мақсаты, қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға арналған әлеуметтік мәселелерді анықтау, арнайы әлеуметтік қызметтерді жоспарлау болып табылады. Құрылғалы отырған орталық мәселелерді кешенді орындауға көмектеседі.

Қызылорда облысы Азаматтық Альянс бірлестігінің баспасөз қызметі

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады