USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Он отбасын қуантты

Жүрегінде жылу, бойында имандылық бар адам ғана тарыққан жанға қол ұшын беруге асығып тұрады. Мұндайда, «Имандылық игі іске иілтеді» деген тағылымды сөзді еске алмай тұра алмайсың. Əрине, тарыққан жанға қол ұшын беру – əр азаматтың парызы. Десек те, жылдағы дəстүр бойынша «Бəйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы мешіт жамағатымен мақұлдаса келіп, отбасы жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, жетім-жесір жандарға көмек беруді əрдайым есте ұстап келеді. Биыл да сол үрдіс жалғасын тауып, 10 жанұяны азық-түлікпен қамтамасыз етті. Берілген азықтың ішінде ұн да, шекер мен қарақұмық та бар. Тіпті балаларға арналған тағам да табылады. Жақсыны көрмек ниетпен келген Аса ауылдық округі əкімінің орынбасары Ертай Бозымбеков ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлына рахметін жеткізді.

Дүйсенбек ОРМАНОВ.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады