USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Нұрлан Қашақбайұлы Пірімов: Тарифтер негізсіз өзгермейді

- Нұрлан Қашақбайұлы, қарапайым халықтың қалтасына әжептәуір салмақ түсіретін коммуналдық қызметтердің бағасына тоқталсаңыз...

- Ағымдағы жылда реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің тарифтері, негізінен 2015 жылдағы қолданыстағы тарифтердің деңгейінде өзгеріссіз қалды. 2016 жылы департаментке 29 өтінім түсіп, олардың 20-на ұсынылған құжаттары белгіленген талаптарға сәйкес еместігіне байланысты қараудан бас тартылды, 4 - субъекті өздері қайтарып алды, ал 1 өтінім - қаралуда, 4 субъектінің тарифтері бекітілді.

Атап айтқанда, ұзақ мерзімді кезеңге: - «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-не суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша ұзақ мерзімді кезеңге тарифі бекітілді. Орташа босату тарифі 1 текше метрге ҚҚС-сыз 284 теңге 57 тиынды құрады немесе усынылған өлшемнен 53,2 пайызға төмен; - «Өркен-Сырдария» ЖШС- не сумен жабдықтау қызметіне, яғни орташа босату тарифі 1 текше метрге ҚҚС-сыз 262 теңге 64 тиынды құрады немесе ұсынылған өлшемнен 41,4 %-ға төмен; - «Шиелі-Энергосервис» ЖШС-не электр энергиясын беру және бөлу қызметіне, яғни тарифі 1 текше метрге ҚҚС-сыз 3 теңге 53 тиынды құрады немесе усынылған өлшемнен 12,8 %-ға төмен Оңайлатылған тәртіппен: - Қазалы ауданында қызмет көрсететін «Қазалы-Теміржол- жылу» МКК-ны «Қызылорда- жылуэлектрорталығы» МКК-ның филиалына жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне орташа босату тарифін 1 Гкал-ға ҚҚС- сыз 10803,40 теңгеден 9473,59 теңгеге дейін төмендетіп тариф бекітті немесе қолданыстағы орташа босату тарифімен салыстырылғанда 15,6 пайызға, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша: халыққа - 1905,80 теңге немесе 20 пайызға, бюджеттік, тарапты ұйымдар және теміржол мекемелері үшін - 13055,41 теңге немесе 17,5 пайызға төмендетіліп бекітілді. Тарифтің төмендеуінің негізгі себебі мекеме бу қазандықтарының қатты отыннан (мазут) экономикалық жағынан тиімді отын түрі - табиғи газға көшуі болып отыр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 18 сәуірінен бастап біздің аймақта электрмен жабдықтау қызметінің бағалары өзгерді. Бағалардың өзгеруінің негізгі себептері: жергілікті энергия көздерінің сатып алынатын электр энергиясы қунының өсуі- «Қызылордажылуэлектр- орталығы» МКК-да- 14 пайызға дейін, «КЕГОК» АҚ-ның желілері арқылы электр энергиясын тасымалдау тарифінің 7 пайызға дейін, «Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясы АҚ-ның - 72,4 пайызға дейін, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның - 30 пайызға дейін, «КЕГОК» АҚ-ның электр- энергияның өндіру- тұтынуын теңгерімдеу бойынша қызметінің - 1,2 пайызға дейін, қуаттылықты реттеу қызметінің - 79,5 пайызға дейін өзгеруінен болды. Департаментпен жүргізілген сараптаманың нәтижесінде электр энергиясы тарифтерінің ұсынылған 18 пайыздан 26,1 пайызға дейінгі жобасы төмендетіліп, орнына 13 пайыз- дан 16,8 пайызға дейін өзгерді.

Ал, ЭЖҰ (электр энергияны жабдықтау бойынша шығындар) үстеме ақысы бұрынғы қолданыстағы деңгейде өзгеріссіз қалдырылды (үлесі - 3,5 пайыз). Тарифтерді бекіту бойынша өтінімдерді қарау нәтижесінде ұсынылған жобалық тарифтер деңгейі бекітілген тарифтермен салыстырғанда экономикалык тиімділік сомасы жалпы 643 млн.теңгені құрады, яғни осындай қаржы тұтынушылардың қалтасында қалды. Департамент жумысының бірі - табиғи монополия субъектілерінің қызметіне тұрақты бақылау жүргізу, егер де субъект тарифтік сметаны орындамаған жағдайда, субъектінің игерілмеген қаражаты тұтынушыларға уақытша өтемдік тарифтерді белгілеу арқылы қайтарылады. Департаментпен 2015 жылғы тарифтік сметалардың және инвестициялық міндеттемелердің орындалуына талдау жүргізіліп, қорытындысы бойынша 23 субъектіге 42 уақытша өтемдік тарифтер енгізілу арқылы тұтынушыларға 970 млн.теңгедей қаржы қайтарылды.

2015-2016 жылдарға жылыту кезеңінде сыртқы ауаның нақты температурасың есепке ала отырып жылумен жабдықтау қызметі қуны қайта есептелді және қорытындысы бойынша 3 субъектіге жалпы сомасы 94 млн.теңгеге қайта есептеу жүргізу үшін нұсқама енгізілді. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның 2015 жыл бойынша алынған инвестициялық міндеттемелерін орындамағаны үшін тарифі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 4 теңге 93 тиыннан 4 теңге 86 тиынға дейін төмендетілді. Осыған орай, Департамент электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымдардың қолданыстағы электр энергиясының бағалары 8 тиынға дейін төмендетілді.

Атап айтқанда, 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап электр энергиясымен жабдықтаушы уйымдардың орташа босату бағалары 1 кВт.сағатқа ҚҚС-мең: «Энергосервис» ЕЖШС - 18 теңге 75 тиыннан 18 теңге 67 тиынға; «Шиелі Жарығы» ЖШС - 19 теңге 16 тиыннан 19 теңге 8 тиыңға; «Дәулетэнерго» ЖШС - 20 теңге 22 тиыннан 20 теңге 14 тиынға төмендеді. Тиісінше сараланған тарифтерде төмендетіліп есептелінді. Қазіргі кезде, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалының жаңа объектілердің теңгеріміне қабылдануына байланысты суды магистралдық құбырлар және таратушы желілер арқылы беру қызметіне ұзақ мерзімді кезеңге берген өтінімдері Департаментпен қаралуда. Егерде, аймағымызда төтенше факторлар орын алмаса, 2017 жылы да реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтері қолдаңыстағы тарифтердің деңгейінде қалатын болады.

Реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтердің барлық өзгерістері инфляцияның жоспарланған дәлізін ескеруімен жүзеге асады, тарифтердің негізсіз өзгеруіне жол берілмейді.

- Ауыз судың бағасы әуелі көтерілді, біршама уақыттан соң қайта түсті. Себебін түсіндіріңізші, неге қымбаттады, неге арзандады?

- 2015 жылдың 1 қарашасынан бастап “Қызылорда су жүйесі” МКК-на сумен жабдықтау қызметіне 2015-2019 жылдарға ұзақ мерзімді кезеңге мекеме қаржысының және Еуропа қайта құру және даму банкісінің 4 млрд. теңге несие қаржысына инвестициялық міндеттемелердің қабылдануы ескеріліп, тарифтің шекті деңгейлері бекітілді. Алайда, 2015 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметаларының орындалуына жүргізілген талдау нәтижесінде Департаментпен уақытша өтемдік тарифтер енгізіліп, “Қызылорда су жүйесі” МКК-ның 1 текше метрге суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне турғындар үшін ҚҚС-мен 60,84 теңге немесе бекітілген тарифпен салыстырғанда 1,2 пайызға және 1 текше метр сарқынды су бұру, тазарту қызметіне тұрғындар үшін ҚҚС-мен 63,26 теңге немесе бекітілген тарифпен салыстырғанда 3,9 пайызға төмендетілді.

- Сөздің түйінін айтсақ, Қызылорда - қымбат қала ма?

- Бұл үшін біздегі тарифтерді басқа облыстардың қолданыстағы тарифтерімен салыстырайық: Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық қызметтердің қолданыстағы тарифтері Республиканың басқа аумақтарымен салыстырғанда орташа деңгейде. Мысалы, Қызылорда қаласы бойынша сумен жабдықтау қызметі тұрғындар үшін 1 текше метрге ҚҚС-мең 60 теңге 84 тиынды құрайды, ол республика бойынша 10 облыстан төмен. (Маңғыстау - 324 теңге 25 тиын, Атырау - 113 теңге 49 тиын, Ақтөбе - 74 теңге 23 тиын, Қарағанды - 110 теңге 26 тиын, Ақмола - 70 теңге 93 тиын, Қостанай - 78 теңге 21 тиын, Солтүстік Қазақстан - 76 теңге 2 тиын, Жамбыл - 118 теңге 8 тиын, Оңтүстік Қазақстан- 77теңге 17тиын, Алматы облысы - 68 теңге 9 тиын). Ал, 1 адамның бекітілген нормаға сәйкес (6,083м3) ауыз суға айына төлейтіні - 370 теңге 9 тиын, бұл 13 облыстың төлемінен аз. (Атырау - 1139 теңге 10 тиын, Алматы қаласы - 466 теңге 70 тиын, Астана қаласы - 379 теңге 24 тиын, Қарағанды - 474 теңге 12 тиын, Ақмола - 409 теңге 97 тиын, Қостанай - 422 теңге 33 тиын, Павлодар - 401 теңге 86 тиын, Солтүстік Қазақстан - 578 теңге 6 тиын, Жамбыл - 1005 теңге 10 тиын, Оңтүстік Қазақстан - 818 теңге, Батыс Қазақстан - 405 теңге, Алматы облысы - 465 теңге 74 тиын, Шығыс Қазақстан - 422 теңге 3 тиын). Лас суды айдау қызметі тұрғындар үшін 1 текше метрге 63 теңге 26 тиынды құрайды, яғни 4 өңірден төмен. (Қарағанды - 96 теңге 41 тиын, Қостанай - 65 теңге 53 тиын, Солтүстік Қазақстан - 66 теңге 9 тиын, Алматы облысы - 72 теңге 27 тиын). Әр адамның нормаға сәйкес (6,083м3) лас суды айдау қызметіне Қызылордада 384 теңге 81 тиынды төлейді, бұл сумма 7 облыстың көрсеткішінен аз. (Атырау - 393 теңге 45 тиын, Ақтөбе - 480 теңге 1 тиын, Қарағанды - 721 теңге 47 тиын, Қостанай - 589 теңге 77 тиын, Солтүстік Қазақстан - 502 теңге 55 тиын, Батыс Қазақстан - 421 теңге 76 тиын, Шығыс Қазақстан - 656 теңге 96 тиын). Жылумен жабдықтау қызметі бойынша тұрғындардың 1 шаршы метрге төлейтін 89 теңге 47 тиың төлемақысы басқа аймақтармен салыстырғанда төмендігі жағынан 13 орында тұр. (Атырау - 131 теңге, Ақтөбе - 119 теңге 42 тиын, Қарағанды - 149 теңге 16 тиын, Ақмола - 130 теңге, Қостанай - 192 теңге 38 тиын, Солтүстік Қазақстан - 95 теңге 30 тиын, Жамбыл - 106 теңге 94 тиын, Оңтүстік Қазақстан - 109 теңге 67 тиын, Батыс Қазақстан - 140 теңге 52 тиын, Алматы облысы - 111 теңге 33 тиын және Астана - 104 теңге 82 тиын, Алматы қаласы - 145 теңге 63 тиын). Энергиямен жабдықтау қызметі бойынша тұрғындардың сағатына 1 кВт-қа орташа төлейтін 17,10 теңге төлемақысы басқа аймақтармен салыстырғанда төмендігі жағынан 4 орынды алып отыр. (Алматы қаласы - 18 теңге 3 тиын, Қостанай - 17 теңге 58 тиын, Батыс Қазақстан - 17 теңге 63 тиын).

- Сұхбатыңызға рахмет!

Дайындаған Г.МАҒЛҰМҚЫЗЫ

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады