USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Мұстафа Шоқайдың ескерткіші орнатылмақ

Облыстық бюджеттен бөлінген 49 млн. 346,0 мың теңгеге Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші жасалынды. Биіктігі 6 метр болатын ескерткіш орнатуға толық дайын, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, ескерткіш 3 натуралық өлшемде, қола материалынан құйылған. Ескерткіштің авторы Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Көшер Байғазиев. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласының орталығынан ескерткіштің орны белгіленіп, «Мұстафа Шоқай атындағы қоғамдық қордың» қаржысы есебінен биіктігі 6 метрді құрайтын гранит постаменттің құрылысы жүргізілуде. Ескерткішті орнатуға Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімімен келісім алынған.

kyzylorda-news.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады