USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Мәңгілік есімде қалатын күн...

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнін асыға күткендердің бірі өзім екенін айтқанның айыбы жоқ шығар. Бұл күн жақындаған сайын көңілімде ерекше шаттық, жүрегімде жылылық пайда болады. Мұндай қуанышты күйге бөленуіме өмірімдегі мына бір оқиға себеп болды.

2007 жыл 5 кыркүйек. Балқаш қаласының 70 жылдық торқалы тойына еліміздің Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді. Қала халқымен коса, Абай атындағы №2 лицейдің ұстаздары мен окушылары Тәуелсіздік алаңына беттедік. Лицейдің қарт ұстаздары -әжелер хорының белсенділері қазақтың ұлттық киімдерін киіп, қолымызға жалауша мен раушан гүлдерін ұстап шықтық. 2007 жылдың 5 кыркүйегі мәңгі есімде қалатын күн. Ағыбай батыр бабамызға ашылған ескерткішке тағзым етуге келген еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен жүздесу, өз қолынан гүл дестесін алу - ең бақытты күндерімнің бірі деп есептеймін. Иә, мен бақытты әйелмін, бақытты анамын, бақытты әжемін, бақытты ұстазбын! Сол бақытты елін сүйген, елі сүйген Елбасы сыйлады. Менің бақытымның жалғасы балаларымның амандығы, немерелерімнің шат күлкісі, туған-туыстарымның кастерлей көрсетер кұрметі, әріптестерімнің сыйлап берер сәлемі, дәріс берген шәкірттерімнің айта жүрер алғысы. Маңдайыма жазылған бакытым ұзағынан болсын деймін. Осындай бақыт сыйлаған тағдырыма ризамын!

Ш.Р.СЫЗДЫКОВА, Балқаш қаласы Аналар кеңесінің төрайымы

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады