USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Мия зауыты іске қосылды

СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДА АУДАНЫМЫЗДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ. ОНЫҢ БІР ДӘЛЕЛІ, СЕЙСЕНБІ КҮНІ АҚСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МИЯ ТАМЫРЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ - «ҚАЗ МИА» ЖШС-НІҢ АШЫЛУЫ.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында және ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында өткен зауыттың ашы- лу салтанатына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Жанке Тимур Амантайұлы, «Cokey Sustems Co. Ltd» АҚ басқарма төрағасы, жапондық Ешида Наомаса, «Қаз Миа» ЖШС басшысы Олжас Әбдешов, аудан әкімі Рүстем Дәулет, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты сәтте Жанке Тимур: -Жобаның құны инвесторлар тарапынан 900 млн. теңгені құрайды. Нысанның аумағында бүгінгі таңда 100 тонна шикізат бар. Зауыт ке- лешекте 300 тонна дайын өнім – мия тамырының сығындысы мен гли- церин қышқылын шығарады. Жаңа жұмыс орнының ашылуы ауыл тұрғындары үшін де зор маңызға ие,-дей келіп, зауыт жұмысына сәттіл Мұнан кейін Ешида Наомаса сөз сөйлеп, осы зауытты ашуда зор қолдау көрсеткен облыс, аудан басшылығына және ауыл тұрғындарына алғысын білдіріп, бүгінгі шараның бірлескен істің нәтижелі көрінісі екенін атап өтті.-Жапония Президенті өзінің Қазақстан Президентімен кездесуі сәтінде осы жобамен таныстырған болатын. Бұл кездесуге мен де қатысқан едім. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Ал, Н.Назарбаев мырзамен Жапония мемлекетіне сапарында тағы да жүздестім. Бұл кездесу барысында да екі ел басшыларының ойы, алға қойған мақсаттары бір арнаға тоғысып жатты. Жапония дамыған мемлекеттер қатарында. Ал Қазақстанның тамаша табиғаты арқылы көптеген игі істерді жүзеге асыруға болады. Келешекте бірлесіп қызмет ету арқылы мол табыстарға қол жеткіземіз деп сенемін,-деді Ешида Наомаса.Сондай-ақ, аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Қ.Байжұманұлы да зауыттың өміршең болуын және жаңа кәсіпорын жұмысына сәттілік тіледі. Мұнан кейін облыс әкімінің орынбасары Тимур Амантайұлы мен Қазақбай Байжұманұлы салтанатты түрде зауыттың лентасын қиып, көпшілік қауым оның ішкі бөліктерімен танысты. -Зауыттың округ аумағынан ашылуы біз үшін үлкен қуаныш. Өйткені, бірнеше ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылады деген сенімдеміз. Бұл өз кезегінде халықтың тұрмыстық әл-ауқатының көтерілуіне өз септігін тигізеді. Сонымен қатар, зауыт аудан экономикасының артуына да оң әсер етеді деп білемін,-дейді Ақсу ауылдық округінің тұрғыны Бақытбек Жұмабеков.

Д.БАТЫРХАИРОВА. Сурет П.Норкиндікі.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады