USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Нұрсұлтан болашақта Елбасы жайлы кітап шығаруды армандайды

Қазақстанды үзіліссіз басқарып келе жатқан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне 1991 жылдан бері Қазақстан бойынша 30 мыңнан астам адамның есімі Нұрсұлтан деп қойылған екен.

Біздің ауданымызда да 270-ке тарта азаматтарға Нұрсұлтан есімі қойылған. Солардың бірі 1995 жылы туылған Ермеков Нұрсұлтан Туғанбайұлы.

Ол бүгінгі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білім алуда. Өзінің есімі Елбасына ырымдалып қойғанын мақтан тұтатын Нұрсұлтан бүгінгі күннің өзінде ел аузында жүрген азамат. Өзінің ерекше дауысымен, тапқырлығы және ізденуінің арқасында топ алдында сөз тауып, шешендікті жанына серік етіп жүр. Оның мектеп жасында жүрген кезінің өзінде-ақ «Сағыныш самалы» атты кітабы жарыққа шыққан. М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының түлегі, төрт перзенттің арасында өскен жас жігіттің бойында Отансүйгіш қасиет бар. Оны оттай жайнаған екі көзінен, күлімдеп, үлкенге құрметпен тіл қатқан сөзінен-ақ аңғаруға болады. Анасы Айгүл де ұлының келешегінен үлкен үміт күтеді. Жастайынан Елбасының әрбір сарабдал істерін көріп, көңілге түйіп өскен жігіт Президент жайлы оннан аса мақала, шығармалар жазса, шабыттанып жазған жырларына сан жетпейді. Болашақта Елбасы жайлы кітап шығарып, өз қолымен өзі қасиет тұтқан Президентке апарып бергісі келетінін сөз арасында айтып қалған Нұрсұлтанға біз де арманың орындалсын деген ізгі ниетімізді жеткіздік.

Бетті дайындаған: Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, «Сарысу»

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады