USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Мәдинаның жары неге сахнаға көтерілмейді?

Әнші сырымен бөлісті.

2000-ншы жылдардың басында қазақтың Мэрилин Монросы Мәдина Сәдуақасованың жүрегі мұздап, жаны өртеніп алғашқы хитін жарыққа шығарды. Одан кейін бірінен соң бірін елге ұсынды. Бұл жөнінде gakku.kz мәлім етті.

Биыл әншінің сахнада жүргенін 20 жыл толғанын өткен бағдарламаларда айтқан болатынбыз. Ол кезде Мәдина көп сұрақтардың жауабын құпия сақтаған-ды. Енді міне, айтулы кешке бірер күн қалғанда жасырған тобы жайында хабарлады.

Мәдина Сәдуақасова, Мәдина Монро: "Ол топ, «Орда» тобы болатын. Бірақ, ол топ менің концертімде болмайды. Бір себептермен Орда тобы менің концертіме қатыспайды".

Өкінішті әрине. Есесіне, 12-14 жыл бұрынғы жоспарлаған дуэтін қайта қолға алмақ.

"Қай жерге бармасақта, менен де, Мейрамбектен де сұрап жүретін «қашан болады ол дуэт, қашан?",- дейді Мәдина.

Иә, иә, әнші көптен күткен Мейрамбек Беспаевпен бірге ән салады. Сондай-ақ, айтулы кеште Айдос Жабағин, Төреғали Төреәлі сынды өнер иелері төбе көрсетеді. Ал, концертті Роза Рымбаевамен орындаған әнімен кешті ашпақ. Шоу-концерттің хэдлайнерін ұйымдастырушылар айтуға тыйым салған.

Мадина Сәдуақасова: "Концертке 1 секунд қалатын болса да айтпаңыз деп айтқан болатын ұйымдастырушылар. Бірақ, мен бәрін ашып айтып жатқаннан кейін ол кісіні де жасырмай-ақ қояйын. Ресей әншісі, жас әнші Александр Панаиотов".

Осындай кеште тек Орда тобы ғана емес, әншінің жары да сахнаға көтерілмейтін көрінеді.

"Жоқ. Менің жолдасым тіпті залға да отырмаймын деп , мен сол жерде отырып қарай берейін...",- дейді Мәдина.

Мәдинаның «сол жер» деп отырғаны, сол залда. Бірақ, халықтың назарынан тыс.

Мәдина Сәдуақасова: "Енді режиссерлар білесіздер ғой, қай жерде отыратынын.ПТС-та отырады. Камераларын бақылап отырады. Қарап отырады".

Камералар арқылы жарын ғана емес, сіздердің кештен ләззат алып отырғандарыңызды да түсіреді. Ендеше, 20-сыншы қазан күні өтетін кештен қапы қалмаңыздар. Айтпақшы, билеттер аз ғана қалыпты. Сатып алып үлгермесеңіздер асығыңыздар.

seykhuninfo.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады