USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Мәдениеттің мәйегі – Мәдениет үйіне 40 жыл

Елбасы Н.Назарбаев «Біздің алдымызда ел болашағын сеніп тапсыратын, төл мәдениетін жақсы білетін, туған тарихын сүйетін естияр ұрпақ дайындау міндеті тұр» деген болатын. Осы міндетті тар жолдан таймай, өз жұмысын атқарып келетін аудандық Мәдениет үйінің және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 40 жылдық тойы Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп, дүйсенбіде атап өтті. Кез-келген ел өнерімен, мәдениетімен тынылып, бағаланатыны анық. Осынау онжылдықтың төртеуін артқа салған Мәдениет ошағының осы жылдар аралығындағы жеткен жетістігімен қоса, рухани өсуінде де өзгеге ұқсамайтын өзгеше сипаты бар. Ерекше әрленіп, әспеттелген сахнада мерейлі мерекеге арналған салтанат шағын қойылыммен ашылды. Үлкен киелі сахнамен сырласқан «Дарын» жастар театрының мүшесі Қымбат Қуантаева, сыртынан қарағанда даңғарадай ғимараттың ішіне бүккені, көп жылдан бері жиған ойы мен сөзіне құлақ түрді. Ол ғимараттың биік іргелерімен, сахнадағы жылдар бойы бәріне куә болып келетін үлкен жапқыштармен, тіпті орындықтармен үндесіп, оларға тіл бітті. Талайдың талантына куә болған өнердің қара шаңыраққа аяқ басқан жұлдыздар, елімізге еңбегі сіңген мәдениет қайраткерлері, облыста ойып орын алар өнерпаздар, өнер жолына жаңа келген жас таланттар да тек қана осы қасиетті сахнаға аян еді. Ал талай заманның куәгерімен мұңдас, сырлас болған кітаптарға толы сөрелер, халыққа рухани азық беріп, өмірдің мәнін түсінуге жетелеген кездері де аз болмады. 1976 жылы аудан жұртшылығына есігін айқара ашқан бұл әдемі және биік сарайдың қабырғасында 40 жылда қаншама адам еңбек етті. Осы күні олардың есімдері де айрықша аталды. Олар, ардагерлер – Ф.М.Ша- киров, Р.А.Ердаулетова, Н.Д.Барт, А.К.Яблуновский, Р.Х.Баун, И.Э.Михель, Т.В.Нестеренко, З.В.Шартон, Г.И.Тыщенко, Л.В.Тарасова, В.И.- Беспалько, В.Н.Беспальколардың есімдері ерекше ықыласпен аталып, қандай ауыр болмасын уақытқа бағынбай, мәдениеттің дамуына жең сыбана үлес қосқандары айтылды. Қазір Мәдениет үйінің директоры жас әрі белсенді Жанар Альжанованың қарамағында өзі секілді жас таланттар, мамандар еңбек етуде. Сол жылы облыста алғаш боп Мәртөк ауданы кітапханашыларының белсенді қатысуымен кітапха- налардың жаппай орталықтандырылуы қолға алынып, оның құрамында 32 кітапхана және аудандық ор- талық, балалар кітапханалары болды. Бұл бағытта да жүйелі жұмыс атқарған, өз ісіне берілген, қаншама балғындарға кітап сырын түсіндірген кітапханашылар да аталды. олардың қатарында С.Б.Табанова, Е.В.Пташник, В.Н.Прокопова, Ж.С.Нуртазина, М.Қ.Иманалина, Г.И.Деньга, Р.И.- Шевченко, З.В.Душко, Л.И.Бойко, Е.Б.Ониськова, Г.айткуловалар. Бүгінде аталған жүйені ұзақ жылдар бойы өмірін осы салаға арнап келетін Назымгүл Нуртазина шеберлікпен басқарып келеді. Тәжірибелі мамандар да баршылық. Осындай бәйтеректей алып, сан тараулы тамыры терең мекеменің ардагерлері мен қызметкерлерін аудан әкімінің орынбасары Бағжан Тілегенов құттықтап: - Бүгінгі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізіліп отырған 40 жылдық мерейлі мереке құтты болсын. Аудан мәдениетін көтеруге атсалысып келетін қос ұжымға әрқашан да үздіктер қатарынан көріне берсін демекпін. Думанды күндер көп болғай, - дей келе, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болған мәдениетімізді жас ұрпаққа жеткізу жолындағы елеулі еңбектері үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен А.К.Яблуновскийді, М.Д.Тадженлвты, Р.Ж.Рабиновичті, Е.Б.Әртісті, Ғ.Н.Бекованы, Л.В.Шалаеваны, А.С- .Байсагизованы, Л.И.Волкованы, А.Б.Умбетованы марапаттады. Келесі боп мерекемен облыстық Халық шығармашылық үйінің бөлім меңгерушісі Гүлнар Романова да ақ тілегін арнай отырып, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Қ.Айтбаевтың Алғыс хатын Алмагүл Князьбаева, Роллан Серікбаев, Гүлмира Тәжібай, Әділбек Мұқановтарға табыс етті. Мерекенің сәнін өнердің өресі биік, айдыны кең ауданымыздың өнерпаздары мен облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдар ламасы келтірді. Сахна төрінде қазақтың қуанышы мен мұңын қос ішегіне сыйғызған қара домбыра күмбірлеп, күй төгіліп, терме мен арнау тыңдалды.

Жез таңдай әншілеріміз Әділет Күзембаев, Гүлмира Тәжібай, филармония әншілері Гүлхан мен Еркебұлан Құмаров, Аманғос Табыншаевтың жетекшілігімен жас домбырашылар әнмен орап, күйге бөледі. Ал Әділбек Мұқановтың орындауындағы Мәртөк гимні көпшілікті туған жерін мақтан етуге ықыластандыра тсүті. Раиса Ердаулетова, ардагер: - Өзіміз талай жылдар еңбек сіңіріп кеткен Мәдениет үйінің жылдығана келіп отырмыз. Ғасырға жуықтаған мерзім ішінде қызмет жасағандар аз болмады. Мен 1964 жылдан бері осы ауданның мәдениет саласында қызмет атқардым. 1976 жылы тоғыз жыл бойы салынып, ашылған ғима- рат болды. Кітапханадан еңбек жолымды бастап, жаңа Мәдениет үйінің кілтін қолына алған Фарид Мұхамедзияновичтің қарамағында 20 жыл істедім. Бұрыннан достық пен бірлікті ту еткен ауданда ұлтқа бөлінбей, иық тіресіп, біраз қиындықтарды да еңсердік. «Үйіңді тастан қоршама, доспен қорша» деп қазақ айтпақшы, бір кісінің баласындай жұмыла жұмыс жасадық. Ол кезде оңай болған жоқ. Облыста осы Мәдениет үйі ең алғашқы толқынының басында жүрдік. Осы жерде тырған ардагерлер куә, кітапхана немесе мәдениет деп бөлмей, бірлесе отырып, барлық сценарийлерді жасаған кітапхана болды. әншілерді табу, концерт қою да қазіргіндей оңай болған жоқ. Бір идеямен алға жылжып отырдық. Қазіргі заманда әрине барлығы өзгеше. Аудан дамып, аталған сала да қатар өсіп, өркендеді. Бүгінгі ұжымға шығармашылық табыс, биік белестерді тілеймін.

Ұқсас сілтемелер:
03 Желтоқсан 2016, 22:23
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ...
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады