USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Күніге ас орнына ащы бұрыш жейтін адам

Қытайдың Хэнань провинциясының тұрғыны Ли Юнчжи ерекше адам деуге болады. Бұлай деуіміздің жөні бар. Әдетте, таңертең адамдар ас ішуге дағдыланған, деп хабарлайды Seykhuninfo.kz.

Ал қытайлық азамат дәмді тағамнан ауыз тиюден гөрі ащы бұрышты жегенді жақсы көреді. Қазіргі күні 44 жасты толтырып отырған оның әрбір күні осылайша өтеді. Бұл тек бастамасы ғана. Ли тәулігіне 2-2,5 келі бұрышты жейді. Оны таңғы, түскі және кешкі аста да пайдаланады. Жалпы, Қытайдың бұл провинциясында ащы тағамдарды онша жақтыра бермейді. Олардың кейбірі ащы тағамдарды жиі пайдалану адамның терісіне өте қатты әсерін беретін көрінеді. Алайда оған Ли ешбір мән бермейді. Ли чили деп аталатын бұрыш түрі өте дәмді екенін айтады. Онда темір мен кальций көп болуы мүмкін. Бұрын ол құрылыс саласында жұмысшы болып еңбек етті. Көптеген аймақтарға сапарға шықты. Сонда осындай ащы тағамдарды пайдалануға көңіл бөліпті.

Қазіргі таңда чипи оның негізгі кәсіп көзіне айналған. Ол достарымен бірге 40 гектар алқапты сатып алған. Одан жиналған өнімді сатып, кіріс кіргізіп жүрген жайы бар. 2001 жылы үш табақ бұрыш жеп, жергілікті басылым беттерінде жарияланды.

КҮНІГЕ АС ОРНЫНА АЩЫ БҰРЫШ ЖЕЙТІН АДАМ (СУРЕТ, ВИДЕО)

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады