USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Көппен көрген ұлы той

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қараша айының 17-сі күні Ақсу ауданының әкімшілігі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Ақсу ауданы жастар ресурстық орталығы» бірлесе Қ.Сәтбаев, Ж.Сыдықов, Е.Сиқымов және аудандық политехникалық колледж мекемелерімен ұйымдаса келе, қыстың көркін кіргізіп, әжептәуір әбігерге салған қалың қармен арпалыса, ауданымызда тіркелген зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, ардагерлер мен жарым жандарға көмектесу мақсатында 150 жастан құрылған еріктілер (волонтер) қатарын жинап, Жансүгіров ауылдық округінде тұратын 41 үйге бір ауыздан, бір жұдырықтай жұмыла көмектесіп, қалың қардан тазартып, әрбір үй тұрғындарының алғысына бөленіп, үлкен ауқымды іс атқарды. «Батамен ел көгереді», - дегендей үлкендердің батасын, көпшіліктің алғыс, тілегін алған жастар жұмысқа шаршамай, шалдықпай, тіпті рахаттана белсене кірісті. «Көп түкірсе көл болады» емес пе, бір күнде көпшіліктің күшімен көп іс атқарылды. Аудан жастары жасай берсін.

Ерназар ОРЫН, «Ақсу ауданы жастары» филиалының бас кеңесшісі

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады