USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Қызмет сапасы бақылауға алынбақ

Аптаның сәрсенбі күні Мұнайлы ауданы әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бағытында дөңгелек үстел өткізілді. Қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің процесін бақылау, жетілдіру, сапасы мен қолжетімділігін арттыруды мақсат тұтқан жиынға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Жасұлан Маршакұлы және бас маманы Ершат Оңайбаев, сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Ақан Шапақов, Маңғыстау облыстық жер қатынастары басқармасының жер учаскелерін беру және қайтып алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу бөлімінің басшысы Мекен Үйсенов, Маңғыстау облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Жайлау Найзабек, «Азаматтарға арналған үкімет » мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы ХҚКО департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы Ақбала Молақбаева қатысты. – Дөңгелек үстел барысында бірнеше мәселелер қозғалды. Қызмет алушылар мен қызмет берушілердің арасында кездесетін мәселелер, оларды шешу жолдары ұсынылды. Халыққа қызмет көрсету орталығы мен мемлекеттік органдардың арасындағы процестер талқыланды.

Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсету кезінде осы аталған мәселе, кемшіліктерді болдырмау бағытында ақпарат берілді. Жалпы сұрақ-жауап түрінде өткен басқосуда әркім өзіне қажетті мәліметті алды деп есептеймін. Барлығына толықтай құзырлы органдар, жер басқармасы, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрліктің Маңғыстау облысы бойынша департамент өкілдері және облыстық сәулет басқармасының өкілдері тарапынан тиісті деңгейде жауап берілді, - дейді Жасұлан Маршакұлы. Дөңгелек үстел барысында елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, мемлекеттік қызметті оңтайландыру турасындағы ұсыныстар, пікір-көзқарастар ортаға салынды.

Әсел ТАҢАТАРОВА Мұнайлы

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады