USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Кітапханадағы кездесу

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, аудандық орталық кітапханада "Тіл парасаты" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға Төле би ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Асатов, әл-Фараби атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ч.Мустафаева, осы мектептің кітапханашысы Б.Аскерова және орталық кітапхана қызметкерлері қатысты. Іс-шараны мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Байжол жүргізді. Сөз кезегін алған Ч.Мустафаева тілдің халықпен бірге жа- сап, бірге дамитындығын, ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атану мүмкін еместігін атап өтті.

-Тіл - ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиындық, нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы - ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана,-деді Б.Асатов. Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Р.Даберова, "Тілдерді оқыту орталығы" Шу аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Ә.Ағыбаева да өз ойларын ортаға салды. Шара соңын дөңгелек үстелге қатысушылар тіл туралы қанатты сөздермен аяқтады.

Н. ЖАРЫЛҚАПОВА, "Тілдерді оқыту орталығы" Шу аудандық бөлімшесінің оқытушысы.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады