USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

БАЙҒАНИН АУДАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ. “БОЛАШАҒЫ ЖОҚ” АУЫЛДАН АУДАН ОРТАЛЫҒЫНА КӨШІП КЕЛІП ЖАТҚАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛТЫ ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІН АУДАН ӘКІМІ МАМЫРҒАЛИ ДОСҚҰЛҰЛЫ САЛТАНАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТАБЫСТАДЫ. «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 3-БАҒЫТЫ «ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҰТҚЫРЛЫҒЫН АРТТЫРУ» БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ЕЛДІ МЕКЕНІНЕН АУДАН ОРТАЛЫҒЫНА 6 ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАРДЫ. САЛТАНАТТЫ ШАРАҒА АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ОТАРОВ ҚАЙРАТ ОРЫНБАСАРҰЛЫ ҚАТЫСТЫ.

Бұл күні күннің ызғарына қарамастан жаңа үйлердің ауласында көңілді әуен қосылып, жүзінен қуаныштың лебі сезілген Қазақстан ауылының бұрынғы тұрғындарымен олардың қуанышын бөлісуге келген ауылдастардың қарасы көп болды. Шарада аудан әкімі М.Аққағазов жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Республикалық бюджеттен Қарауылкелді ауылындағы екі пәтерлік төрт жалдамалы коммуналдық тұрғын үй құрылысына 47015089 мың теңге бөлінген. Арнайы конкурстың жеңімпазы атанған «САҚ групп» ЖШС - і ағымдағы жылдың қыркүйек айында тұрғын үй құрылысының монтаждау жұмысарын толығымен аяқтаған. Нысанның сыртқы инженерлік желілер мен абаттандыру жұмыстарына республикалық бюджеттен 14132,911 мың теңге жергілікті бюджеттен 6974,000 теңге бөлініп қазан айында құрылыс толығымен аяқталған.

Мереке қарсаңында Қарауылкелді ауылдық округіне қарасты Қазақстан елді мекенінің тұрғындары Асқар Мәдиев, Өтеген Танауов, Нұрболат Қыдырбаев, Нұрлан Туреханов, Алпамыс Бактияров, Тұрғали Төлебайдың отбасылары аудан әкімі М. Аққағазовтың қолынан пәтер кілттерін алды. Салтанатты рәсімде қуаныш иелері атынан сөз сөйлеген Тұрғали Төлебай Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған бағдарламалар баспана алуда қарапайым тұрғындар үшін тиімділігі зор екенін айтып, аудан басшысы мен «САҚ групп» ЖШС-і өкілдеріне ерекше ризашылығын білдірді. Лента қию рәсімінен кейін аудан әкімі бастаған топ жаңа пәтерлердің ішін аралап көрді.

«Жем - Сағыз» ақпарат

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады