USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Қазақстан және Елбасы

Фото: nurqanatbaizaq.islam.kz

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жас-та еді. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жария-лады. 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов. Шаңырақ Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған суретші Шәкен Ниязбеков.

1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы қабылданды.

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы- Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жаңарды, «Менің Қазақстаным» жер жүзіне таралды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады