USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

"Қаражорғаны" қазақтікі ету - қазақты жарылқау емес, қазақты кемсіту

Фото: Астана ақшамы

Осы сұрақ сан рет көтерілді, бірақ бір мәмілеге келе алмадық. Себебі, "қазақтікі" дегендер де, "емес" дегендер де ұтымды уәж айта алмады

..."Қаражорға" ата-бабамыздан қалған би екен. Қазақстандық қазақтар "орыстанып, мәңгүрттеніп" кеткендіктен, бұл биді ұмытқан. Ата- бабамыздың мұрасын біз ұмытпай, жоғалтпай әкеліп, қазаққа табыстадық" дейді Қытайдан келген қандастарымыз. Ағайынның ниеті нде алалық жоқ. Бар ниеттерімен қазақтың бір жоғын таптық деп қуанып жүр. Екіншіден, "ел-елдің бәрінде өздерінің ата-бабасынан қалған "меншік" биі болғанда, қазақта неге болмайды?" деп, соған намыстанатын да сияқты. Қазақ тың қазақтығы да сол билемеуінде жатқанын, ата қазақ үшін билемегені намыс емес, билегені намыс екенін бұл бауырлар ойламаса керек. Үшіншіден, өзі "Қаражорға болса, қалай қазақтікі болмайды дейді ғой баяғы қазақ қана ат мінген деген ұғыммен. Анығына келсек, ат жалында туып, ат құлағында ойнаған ел көп екенін енді біліп жүрміз ғой. Біле білсек, "Қаражорға" қазақтың ата-бабасынан қалған би" дегенді айтқан адам қазақтың ұлт ретіндегі нағыз тазақанды қасиетін, ұлт ретіндегі ерекшелігі мен құндылығын, тектілігін, ірілігін, қазаққа ғана тән салт-дәстүр, әдеп-ибасын білмейтін, білсе де білгісі, мойындағысы келмейтін адам. Ол арғы қазақты бергі қазақтың өлшемімен өлшеп жүрген адам. Ақылға сап ойлайықшы: - атасы - келініне, әкесі - қызына, ағасы қарындасына айтатын сөзін тіке айтпай, араға шешені, жеңгені салып қана сөйлесетін қазақ; - әйел заты ата-ене түгілі ерінің бетіне тік келіп сөйлемеген, сөзін бөлмеген қазақ; - әйел заты ер-азаматының алдын кеспей, қашан өтіп кеткенше төмен қарап күтіп тұратын қазақ; - үйге қонақ келсе, қыз баласын бөтен үйге жөнелтетін қазақ; - қыз баласы адымдап жүрсе, адыраңдап сөйлесе, қарқылдап күлсе "көргенсіз" деген қазақ; - махаббаттан өртеніп бара жатса да, ата-ананың көзінше, өз әйеліне "көз салып" қараған жігітті "жетесіз" санаған қазақ енді келіп кемпірі, шалы, келіні, қызы, жігіті - бәрі мидай араласып, бөкселерін бұраңдатып, кеуделерін селкілдетіп, бір- біріне итіне төніп, билейді екен ғой, тегі. Қазақтың өстіп есірткі ішкен дей есіріп жүргенін қай ғасырда кім көріпті? Көрмек түгілі естіген адам бар ма екен? Қыз-келінімен жағаласып, бір еңкейіп, бір шалқайып, қара терге түсіп жүрген қазақ шалын көрген бар ма екен? Кимешегі желпілдеп, кеңкілдеп жүрген кемпір неткен сүйкімсіз. Қазақтың ақсақалы әулиеге баланушы еді, қазақ кейуанасы қасиетке теңелуші еді. "Қаражорға" тәрк етті бәрін...

" Қазақтың тарихы, шежіресі, дастаны, оның өмірінің айнасы - ауыз әдебиеті. Арыға бармай- ақ 18- 21 ғасыр аралығы - 3 ғасырға шолу жасап қарайықшы. Ертегі, аңыз, дастан, жыр, мақал- мәтел, шешендік сөз, айтыс. Бәрінде қазаққа тән сипаттар: жекпе-жек, күрес, атыс, жамбы ату, асық ойнау, қол күресі, көкпар, аударыспақ, жарыс, жаяу жарыс, ат бәйгесі, айтыс, шешендік өнер сайысы, өтірік өлең, тіпті қатын жарыс бар. Бірақ үш ғасыр қойнауына сүңгісең де, "биледі" дегенді кездестірмейсің. Өте көне ертегілерде "жын-перінің қыз- дары билеп жүр екен" деген кездеседі. (Көрдіңіз бе, жын- шайтанның да қыздары ғана билеп жүр. Отбасы, үйелменімен билеп жүрген жоқ.) " Сонан соң 3 ғасырда қазақ жерінен қаншама жиһангез, саяхатшы өтті. Қанша, шежіре, жылнама жазылды. Қазақтар ( не түркілер) "Қаражорға" билеп жүр" деп неге Марко Поло жазбаған. Неге Махмуд Қашғари, неге Әл-Фараби жазбаған? Неге Қытайдың жылнамасында, Моңғолдың жырнамасында жоқ? Неге Орхон жазбаларында жоқ? Арыны қояйық: қазақтың 101 әнін зерттеп жазып алған Затаевич неге бір биін білмеген? Неге Шоқан Уәлихановтың зерттеулерінде жазылмаған? " Жақсы. Қазақ станның қазақтары аласапырандар тұсында, "Байтал түгіл бас қайғы" боп ұмытты, жоғалтты, оларға айтқызбады дейік . Оралман қазақтардың "лайланбаған" ес-жадында сақталды дейік. Онда неге Түркия, Өзбек, Қарақалпақ т.б. шетелдерден келген қазақтар білмейді. Тек қытай қазақтарының ғана есінде қалған қандай би ол? "Қаражорғаны" ата-бабадан қалған қазақ биі" деуге келмейтін бірнеше себеп бар: Біріншіден, жоғарыда айтып кеттік. Қазақы менталитетке жат. Ұлттық, қазақи қасиетімізді жоққа шығарады. Екіншіден, әні, сарыны. Біресе күй, біресе ән. Шегенің ариясы. Үшіншіден, би қимылдары қазаққа келмейді. Моңғолдың, қалмақтың, якуттың билеріне келеді. Қытайда әлі күнге дейін солаң, дағұр деп аталатын аз ұлттар бар. Арғы тектері қалмақ әлде моңғол. Солардың "буын биі" деп аталатын биі бар. "Қаражорға" - тура сол бидің көшірмесі. Қытай түсірген "Шыңғысхан" киносында моңғол сарбаздары тура осылай билейді. Төртіншіден, қолданылымдағы "Қаражорға" мәтінінде елдік рух бәсең, лекілдеген ырғақпен білінбей тұрғаны болмаса, сөздері көркемдіктен жұрдай. "

...Кемпір жүрсін кеңкілдеп, ақ жаулығы желпілдеп, Шалдарына көз қысып, би билесін секілдеп Не деген сұрықсыз сөздер! "Биле, биле, жігіттер, шыққанынша тұнық тер". О, заман да, бұ заман, тердің тұнық болғанын кім көрген. Тер деген организмнен шығарылатын артық-ауыс керексіз зиянды, тіпті улы заттар емес пе. Сол үшін оның жағымсыз иісі болады. Сол үшін қазақ сасық тер, арам тер, жабысқақ тер, жылбысқа тер, ащы тер, қара тер, қалау тер, суық тер десе де, тұнық тер деп айтпаған. Осындай құрақ-құрақ арзан сөзді ата-бабамыздан қалды деу қай қисынға сыяды? Енді осы "Қаражорға" биін анда-санда жарнамалап жүрген Арыстан ақсақал жөнінде бірер сөз: Арыстан ақсақал шекесіне үкісін тағып алып эфирден бірнеше рет "Қаражорғаны" билегені рас. Ол кісі билеп қана қоймай, былай деді: - Мен қазақтың биін тірілттім. Біз келгенше еш қазақ билемеуші еді. (Мәселе сол еш қазақтың билемегенінде болып тұр ғой). Президент маған марапат беруіне болады,- деді. Ау, ақсақал-ау, оралман боп опық жеген жеріңіз бар ма? Алатаудың бауырына ақбоз үйді тіктіңіз. Алдыңыздан шыққан жан болды ма? Шалғынға бие байлатып, сапырып сары қымыз жұттыңыз. Бәйбіше-тоқал - қос қатынды тұттыңыз. Мұның қалай дедік пе? Осының өзі Қазақ елінің, Елбасының сізге марапаты емес пе!? Сахнаға шығып бес минут бұраңдаған сіз түгілі, қан майданда жан беріп, жан алып келген майдангер қарттардың марапат алмай өмірден өткені қаншама? Сахнада қатын-қалаш, бала-шағамен қосылып бұраңдап, селкілдеп жүрген сізге қарап, кеудесі даладай, ақылы данадай, төрде отырып билік айтқан "дария көңіл, тау мүсін" қазақ қарттарын сағындым. Қысқасы "Қаражорғаны" қазақтікі ету - қазақты жарылқау емес, қазақты кемсіту.

Әмина ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ, сыншы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Алматы қаласы

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер13
Хайдар
Өте орынды тұжырым,қосыламын.Бидің ырғағы да, әннің сарыны да қазаққа жат. Сөзін Мерей Тұрдақынұлы дегендері әзілдеп жазса, оны қазақы ортаға сіңірудің қандай қажеттігі болды.
Əмина Құрманғали қызы, зертеуіңіз дəлелсіз. "Қаражорға" күй, əн емес, əн болғанына он жылдан асты. Қазақ халқында барлық өнер түрлері жоғары дамыған. Бірнеше дауыста əн айту, əнмен айтысу, күймен айтысу, ат үстінде билеу, бимен арбасу, жекпе- жек алында бір-бірінің рухын сындыру үшін, небір трюктерді жасаған (акробатикалық би ).Қысқасы, Гегельдің сөзімен айтқанда "Рух шығыста туып, батысқа ұя салған".Тіпті қымызымызға дейін "патентеп "алған ғой. Шыңғысхан қазақ, баршамыздың кумиріміз Шоқан Уалиханның туған бабасы. Алаштың көсемі Əлихан Бөкейханның бабасы! Қазір монғол атанып жүргендер халқа деген жұрт Шыңғысханның өмірінен кейін немересі Құбылай ханның, немесе одан кейінгі кездері,ібір-сібір жұртынан (ағаш жұртшылығы)келгені дəлелденген. Кеңес өкіметі кезінде тілі.жазулары Монголия мемлекеттік болып кеткен. Тұнық тер болады. Бəйгені, балуанды, спортшыны дайындағанда , арам терін, ащы терін тұщы,тəтті, тұнық теріне дейін, тілмен дəмін көріп жүріп баптайды. Орал ұлтық музейінде Еуропаның саяхатшысының салған картинасы ілініп тұр , 18-19 ғасырдың ескерткіші, "Күйші Дəулеткерейдің үйіндегі кеш" деп аталады,көріңіз, сонда бидің түбін түсіріп жатыр.
Бақсының биі
Қанат
Ассалаумағалайкум құрметті Алаш жұрты! Əминаның айтпағы: "Ақылға сап ойлайықшы: - атасы - келініне, әкесі - қызына, ағасы қарындасына айтатын сөзін тіке айтпай, араға шешені, жеңгені салып қана сөйлесетін қазақ; - әйел заты ата-ене түгілі ерінің бетіне тік келіп сөйлемеген, сөзін бөлмеген қазақ; - әйел заты ер-азаматының алдын кеспей, қашан өтіп кеткенше төмен қарап күтіп тұратын қазақ; - үйге қонақ келсе, қыз баласын бөтен үйге жөнелтетін қазақ; - қыз баласы адымдап жүрсе, адыраңдап сөйлесе, қарқылдап күлсе "көргенсіз" деген қазақ; - махаббаттан өртеніп бара жатса да, ата-ананың көзінше, өз әйеліне "көз салып" қараған жігітті "жетесіз" санаған қазақ енді келіп кемпірі, шалы, келіні, қызы, жігіті - бәрі мидай араласып, бөкселерін бұраңдатып, кеуделерін селкілдетіп, бір- біріне итіне төніп, билейді екен ғой, тегі. Қазақтың өстіп есірткі ішкен дей есіріп жүргенін қай ғасырда кім көріпті? Көрмек түгілі естіген адам бар ма екен? Қыз-келінімен жағаласып, бір еңкейіп, бір шалқайып, қара терге түсіп жүрген қазақ шалын көрген бар ма екен? Кимешегі желпілдеп, кеңкілдеп жүрген кемпір неткен сүйкімсіз. Қазақтың ақсақалы әулиеге баланушы еді, қазақ кейуанасы қасиетке теңелуші еді. "Қаражорға" тәрк етті бәрін". Түсінбесеіңіздер қайталап оқи беріңіздер. Əмина, Сізге көп разхмет! Соңғы кездерде қазақтың қазақшылығына, ұлттық болмысына, тарихы мен мəдениетінің тамырына балта шабуды көксеген əр түрлі құйтырқы əрекеттер көбейіп келеді. Абай болайық халайық.
Омаров
Осы мәнгүртер әбден шаршатын болды. Өздері дымда білмейді, басқалардын сөздеріне електейді, кішкене бас пен ойлатын түрлері жоқ! Көбінесі дәлелрдері: мен анадан сұрадым, мынадан сұрадым, анда мында оқыдым, барлығы доқ дейді. Сонда осы адамдар өздерінін надандығын көрсетеді! Сендер сал-серілер не білесіңдер? Тек қана кей-бір аттарын. Ал сал-серілер жалғыз жүрмеген, қасында басқа ақындар, әншілер, бишілер ерп жүрген. Бұл нағыз көшпенді театр болған. Сал-серілер келетін естисе халық қуанып қарсы алатын. Бір неше күнге созылатын той-думан адамдардың көңілінен шығып, сол топқа бірәз сылық беретін, аттарында байлатын. Сондай ақ басқа ұлттардын куәлігі қалған: сұреттер, әңгімелер. Мысалы: Антон Сорокин «страшный танец кутерме» Сначала эта песня была тиха, как завывшая буря, потом все крепла и крепла, становилась сильнее и сильнее, все громче и громче. И достигла такой силы, как будто тысяча волков собрались и выли, выли страшно, угрожающе, а потом опять жалобно тихо, как побитые собачонки, как ребенок, просящий у груди матери молока, как маленькая птичка, пойманная в клетку. Но вдруг песня стала злобной. Угрожающе взмахнули киргизы руками и понеслись в диком танце. Это было так красиво, так жутко, так страшно, что тогда же я подумал: вот что нужно этому чудовищу, публике, вот чего она ищет в театре, платит деньги и не получает того, что ей нужно. Какими бешеными аплодисментами встретят этот страшный танец кутерме... Ал енді би көшпенді халыққа демалыс, той думаннан басқа не үшін қажет болған? Би - адамдар біріктіретін уақиға, сондай ақ сарбаздарды дайындайтын жаттығулар. Неге адамдар ойламайды, бабаларымыз пәлеңбай мың жылдар аз болса да көрші халықтарға беріспей, көбіне жеңіп жүрген? Әскери қабілеті неден туады? Қалай дайындалмаған адамдар қарумен пайдаланған? Неге басқа түрке ұлттарда билер сақталған, қазақтарда жоқ? Соңғы 200-250 жылда қазақтар көп қиындыө көрген, әсіресе күшеіп жатқан Ресей империясынан. Қазақтарды билеймін деп ресей саясаты қазақтардын арасында араздық тудыра бастады, қазақтын сал-дәстүрлері, мәдениті, тарихы ұмыт болсын деп күшпен исламды еңгізе бастады. Сонда өз жерінде татардарды қысып қазақтарға қуды, татар молдалардың көмегімен қазақтарды жаулаймын деп. Сол заманнан қазақтар татар молдаларын, солардын арқасында бүкіл татарлды жек көре бастаған. Бірақ ислам дінге беріліп жатқан қазақтар діншіл болам деп өз қазақтығынан айрыла бастады. Осылай сал-серілерді қуғындаған, мәденитті, салт-дәстірлерді ұмыта бастаған, музыкалық аспаптарды да құрта бастаған! Мысалы қобыз шайтанның аспабы деп жойлып кете жаздады. 1929 жылы қобызшыларды іздеп әреі батыс Қазақстанда алыс аулдарда екі қобызшы табылған. Солардын арқасында қобыз қазағым қайтарылды. Сыбызғышыларда жойылған. Музыкалы аспаптардан тек қана домбыра қалған. Жаттығуға келсек, неге Қытайда пәлеібай жатығы өрнектері бар, ал бізде жоқ? Сонда қалай аз түрке халық үлкен қытай әскерлерін жеңіп жүрген? Өйткене олар біздің бабаларымыздан көп өнеге, білім алып оларды сақтаған, дамытқан. Кім ойланған, неге кеңес заманында циркте басқа ұлттар аттар мен әр түрлі жаттығулар көрсетіп жүрген, ал сорлы қазақтар жоқ? Өйткене Мәскеу рұқсат бермеген! Осылай қазақтар билеріін де, жаттығуларын да ұмытқан, ал қазір құл мінезімен өз мәденитін қабылдағысы келмейді, керек қылмайды. Бұрын орысқұл боп жүрген, ала қазыр бірәза арабқұл болғысы келеді. Ей қазақтар, сонда қазақ болып қашан боласыңдар? Қашан есейлеріңді жинайсыңдар? Қашанғы мәңгүрт болып жұре бересіңдер?
Ассо
"Үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без" деген. Біраз сілтеймін деп сілейіп қалдың-ау Әминаш. Сонау 17-18ғасырлардан қалған "Келіншек" халық күйін тыңдап, сол күйдің ырғақтық бейнесімен Қара жорғаға билеп көрші. Содан соң мақалаңды соңынан бастап басына қарай қайта жазып шық, саған беретін кеңесім сол.
Мынау жазушының емес, көкдолы қатынның боқтығы ғой. Осыны да мақала деп отырсыңдар ма?
ershat
Біріңді қазақ бірің дос, болмаса істің бірі бос, деп АБАЙ атамыз босқа айтпаған. Біздің қазақтың қазына сіңген ең жаман қасиеті, қызғаншақ,мақтаншақтық, Біз əуелі өзімізді өрге сүйермей, ешкім бізді жарылқай қоймас! Қазіргі кезде мүйізі қарағанда дейтін аға-ағаларымыз ұсақталып барады. Еңселі ой айтудың орнына тырнақ астынан кір іздегіш, ұлытқа үлгі болудің орнына, ұлытқа ірткі салуда.мына заман қай заман,? Ұлттың рухын оятып, қалғыған халыққа ғылым-біліммен қамшы басатын заман.бірінің артын бірі шақыр, басқаға мазақ болаанды қояиық ағайын!
Қазақ
ershat
Біріңді қазақ бірің дос, болмаса істің бірі бос, деп АБАЙ атамыз босқа айтпаған. Біздің қазақтың қазына сіңген ең жаман қасиеті, қызғаншақ,мақтаншақтық, Біз əуелі өзімізді өрге сүйермей, ешкім бізді жарылқай қоймас! Қазіргі кезде мүйізі қарағанда дейтін аға-ағаларымыз ұсақталып барады. Еңселі ой айтудың орнына тырнақ астынан кір іздегіш, ұлытқа үлгі болудің орнына, ұлытқа ірткі салуда.мына заман қай заман,? Ұлттың рухын оятып, қалғыған халыққа ғылым-біліммен қамшы басатын заман.бірінің артын бірі шақыр, басқаға мазақ болаанды қояиық ағайын!
Дұрыс
Erkin
Әмина Құрманғалиқызы, егер сіз кәсіби журналист болсаңыз кезкелген мақала жазбас бұрын оны зертеуіңіз керек еді. Тек өзіңізге ұнамаған жағынан жазбай. Шыны керек менде де ой болған осы би қытай, моңғол билерінен алынған ба деген, бірақ былтыры ғаламтор желісінде 1921 жылы Қазақ ССР дағы Қазақ жігітінің биі дегег ескі мұрағаттағы бидің пайда болуы менің ойымды сейілтіп, Қара жорға биі Қазақтікі екеніне көзімді жеткізді. Керек десеңіз сол видеоны сізге тауып жолдап бере аламын. Тек Қара жорға биі емес Аю биі де бар Қазақта т.т. Мәселе мәтінде емес би емес пе басты тақырып?!...
Erkin
Әмина Құрманғалиқызы, егер сіз кәсіби журналист болсаңыз кезкелген мақала жазбас бұрын оны зертеуіңіз керек еді. Тек өзіңізге ұнамаған жағынан жазбай. Шыны керек менде де ой болған осы би қытай, моңғол билерінен алынған ба деген, бірақ былтыры ғаламтор желісінде 1921 жылы Қазақ ССР дағы Қазақ жігітінің биі дегег ескі мұрағаттағы бидің пайда болуы менің ойымды сейілтіп, Қара жорға биі Қазақтікі екеніне көзімді жеткізді. Керек десеңіз сол видеоны сізге тауып жолдап бере аламын. Тек Қара жорға биі емес Аю биі де бар Қазақта т.т. Мәселе мәтінде емес би емес пе басты тақырып?!...
Assalaumagalaykum erkn. Magan joldap bere alasnba
Arman
Қара жорға ертеде бір ғана домбырамен орындалатын күй болған. Сол күйге билейтін, әу баста биді биге бейімі бар немесе жақсы билейтін бір-ақ адам билеп беретін, уақыт өте той-томалақтағы әр адамның жеке өз қажеттілігі үшін биді үйренушілер көбейді. Биді жақсы билейтін біреуі билегенде басқалар да қосылып билеп кететін болды. Сүйте-сүйте қара жорға - көп адам билейтін биге айналып кетті. Көп адам билесе де әр кім өз теңімен, жақын араласатын адамымен билейтін. мысалы, шал кемпірімен, жігіт сүйген қызымен, құда бала жасы өзімен шамалас құдашасымен, т.б. жұптасып билейтін.
Атасулық
Әмина Құрманғалиқызының айтпақшы болған ойының бірі мынандай сияқты: Қазақтың рухани кеңістігіндегі ән-күйі, биі тек Қазақстан жерінде, Қазақстан Қазақтарының арасында пайда болуы керек, сонда ғана ол заңды түрде қазақтікі бола алады. Ал, шетелдегі қазақтар ортасында сақталған және пайда болған билер сенімсіздік тудырады, тіпті қазақітікі емес болуы да мүмкін. Дәл осындай ойдағылар шеттегі қазақтар арасында сақталған және кейін пайда болған рухани және заттық мұраларымызды да қазақтікі емес деуден тайынбайды. Мынандай болғанда қазақтың бір тұтас ұлт екені күман туғызады. Қаражорғаның ән мәтінін Қытайда Мерей Тұрдақынұлы деген азамат 2000-інші жылдары әзіл үшін жаза салғанын, кейін оның тұтас елге кеңінен тарап кеткенін білмейтін сияқты. Ән мәтініне сын айтамын деп қаражорға биінің тарихын жоққа шығарып алды. Кез-келген халықтағы ән-күйді, биді тұтас халық болып өмірге әкелмейді, бір адам немесе бірнеше адам ғана шығарады, сосын халыққа кеңінен таралады. авторы ұмытылса онда халықтікі болып есептелінеді. Енді Қазақтың ҚАМАЖАЙ биіне сын айту керек сияқты. Меніңше қазаққа бидің қажеті жоқ, шетелдің билері тұрғанда қазақтікі деп билеу ұят. Ламбадаға билеген қандай әдемі, орыстың, үндістердің, испандардың билерін айтсаңшы, пах шіркін, өзіміздің түркі бауырларымыз өзбектің Андижан биі, ұйғырдың ұсұл биі қандай керемет еді!

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады