USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Қала ардагері бас қосты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жаңатас қалалық ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен көптеген іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі үстіміздегі жылы қараша айының жиырма жетісі күні аудан орталығындағы «Шах» дәмханасында қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Байтуған Рыспановтың ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай ардагерлердің басқосқан «Елбасымыз кемеңгер-көші түзу кемел ел» атты тақырыпта дөңгелек үстел жиыны және қала ардагерлері арасында ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнау іс-шарасы қоса өткізілді. Бұл іс-шара «Шах» дәмханасының иесі Шынайдар Ералиевтің демеушілігімен мерекелі түрде үстел басында өткізілді.

Тәуелсіздік туралы және тұңғыш Президент күніне байланысты ардагерлер Б.Төлебаев, Б.Абдрахманов, Т.Мысықбаев, О.Елеуқұлов сөз сөйлеп, ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар іс-шарада Қ.Бегешбаев ән шырқап, күмбірлете күй тартты.

Жиын соңында қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Б.Рыспанов қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, «Шах» дәмханасының иесі Ш.Ералиевке шапан жауып және іс-шараға жақсы атсалысқан ардагерлерге бағалы сыйлықтар тарту етті.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады