USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Хас шебердің қолтаңбасы

Мәдени мұрасын өскелең ұрпаққа дәріптеу міндетіміз. Биыл он саусағынан өнері тамған әйгілі ағаш шебері Айдос Мұратовтың туғанына —135 жыл. Осыған орай №8 орта мектебінің акт залында аудандық тарихи-өлкетану музейі және аталмыш мектеп мұражайы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Хас шебердің қолтаңбасы» атты кеш өтті.Бегімбет ауылында тұратын шебердің ұрпағы Тыныштықбай Бортайұлының атасы жайында айтқан бейнетаспа- сы көрсетілді. Онда ол былай деді: — Қолөнердің қадір-қасиетін арттыра білген шебер атамыз өз өнеріне жердің сұлулығын арқау ете білсе керек.

Өйткені шебер қолынан шыққан туындылардың көбісі қайталанбас болып келеді.Туған жердің құдыреті осында жатса керек... Қолөнерлікті әкеден мұра етіп алған Айдос ақсақал өз өнерін ағаш етік тігумен бастаған. «Балам бұл тірлігіңді қой, оданда молдаға барып, арабша оқу жазу үйреніп дәріс ал балам» деген әкесінің бұл сөзін жерге тастамай әке тілін алып молдаға барып, бір жылдай дәріс алған. Келесі жылы молдалықты қойып, тағы да қолөнермен айналысуға бел байлайды. Енді ол ағаштан, тастан, сүйектен бұйымдар жасауға кіріседі. Шара барысында №8 мектептің оқушылары күйші Қазанғаптың Айдостың үйіне бет бұрып, күтпеген жерден келген қонаққа не сыйларын білмей үйінен домбыра таба алмай қалады, Айекең, қораға барып кебу қарағайдан домбыра істеп әкеліп бергені жайында көрініс қойды. Айдос шебердің ел арасындағы қолөнер туындылары жөнінде аудандық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері Әлима Қыдыралина баяндап, шебердің туындыларымен таныстырып тұшымды мағлұмат берді.

Айдос Мұратовтың ұрпақтары Мұрат Ілиясұлы, жиені Күләш апай, немересі Ерболат Мұраттар шебер аталарының өмірі жайында, оның қолынан шыққан туындылары жөнінде естеліктер айтты. №8 орта мектеп директоры Рита Басмаған- бетова талантымен танылған, ағаш шебері, біздің жерлесіміз, кезіндегі Қазақ КСР-і «Құрмет белгісі» орденінің иегері Айдос Мұратовқа арналған кештің оқушыларға мәдени мұраның рухани тәлім-тәрбиесі мол екеніне тоқталды. Дәстүр бойынша келген қонақтарға мектептің қысқаша тарихын айтып, білім саласындағы жетістіктер мен материалдық техникалық базасы жайында бейнеролик көрсетіп оқу ордасымен таныстырды. Мектептің оқушылары Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін шертіп, «Марал» би тобы би билеп, «Балапан қаз» халық әнін шырқап кеш қонақтарының көңілінен шықты.

Д.ТҰМАР.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады