USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Ғасыр дерті

Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасыр обасы аталған СПИД дертінде. Қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір катерлі ауру жайында жумыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бір де бір газет, журнал, теледидар және радио торабы жок. Бұл дерттің кара бұлты бүкіл жер жүзін басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашкы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын алу және емделу тәсілдері сияқты мәселелер барлык жұртты мазалап, ойландырып, толғандыруда. Балқаш калалык ЖИТС орталығы да жұмыстарын барынша жетілдіріп келеді. Жакында аталмыш орталықтың басшысы Данияр Мұқатайұлы Тоқметов жолығып, әңгімелескен едік.

- Данияр Мұқатайұлы, құлаққа түрпідей тиетін ғасыр індетіне дардың қатары жыл өткен сайын көбейіп отырғаны өкінішті. Қазіргі таңда қаламызда қанша ауру тіркелді?

- Өкінішке орай, бұл қасіреттің тырнағына іліккендердің қатары елімізде көбейіп келеді. Әріден айтсақ, бүгінге дейін республика бойынша 28 383 адам тіркеуде. Аурулардың саны бойынша республикада Алматы, Павлодардан кейін Қарағанды облысы 3- орында тұр. Әрине, бұл көңілге жұбаныш емес. Оның ішінде Балқаш қаласынан 36 адам есепте тұр.

- Осы аса қатерлі дертпен наукастанатындардың жас айырмашылығы қаншалықты?

- Қазіргі таңда ЖИТС ауруына шалдыққандардың үлесі жастарға қарағанда орта жастағы адамдарға қарай ойысып келе жатқандығы байқалады. Студенттер мен оқушылардың арасында жиі үгіт-насихаттардың жүргізілуінен ба, әйтеуір тәуба дерлік жағдайда. Әрине, орталық мамандары әр науқаспен жеке кездесу жүргізеді. Яғни, ол кіммен байланысты, кімнен бұл дертті жұқтырды, қандай затты, қай уақыттарда пайдаланды, бәрін сұрап, қадағалауға алып отырамыз.

- Ауруға жанды ортадан оқшаулайсыздар ма?

- Ауру жұқтырған адамдардың құқығы сау адамдармен бірдей. Бұл туралы «Халық саулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте тайға таңба басылғандай анық жазылған. Оларды сырқаты үшін шеттетуге, жұмыстан шығаруға, қызметке алмай қоюға, ортадан аластатуға, мектептен шығарып жіберуге ешкімнің де құқысы жоқ. Олар да ел қатарлы білім алып, жұмыс істеуге хақысы бар.

Себебі, медицинада дәлелде- нуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай: жыныстық қатынас арқылы; вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасағанда, т.б. жағдайларда; тікелей немесе анадан балаға берілу арқылы; СПИД вирусы әдеттегі тұрмыс жағдайында жұқпайды. - Жалпы, осы індетке қарсы сіздердің орталықтарыңыз тарапынан жүргізілетін жұмыстардың бағдарына тоқтала кетсеңіз.

- Халқымызда «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген нақыл сөз бар ғой. Бұл нағыз қатерлі ауруға арналып, айтылған ескерту секілді. Өйткені, жұқпалы бұл дерттің емін әлем ғалымдары әлі тапқан жоқ. Бұл аурудың шеңгеліне түспеудің жолын іздестіру медицинаның, педагогиканың, жалпы қоғамның зор міндеті болып отыр. Қатерлі індет жойылмайынша, оның алдын алу жолдарын қарастырумен ғана шектеледі. Сол себепті ЖИТС-ке қарсы күрестің басты бағыты адамдарды қажетті ақпараттармен құлағдар ету болып табылады. Ол үшін түрлі акциялар, шаралар өткіземіз. Ауруға бейім топтармен сөйлесеміз. Көктем айларында қаламызға қарасты ықшамаудандарын тегіс аралап, рейдке шығып тұрамыз.

Және өзіміздің жергілікті қызметкерлерге, педагогтарға әдістемелік көмек көрсеттік. Басты міндетіміз: вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға» жататын адамдарды тексеріп, вирус жүққан адамдарды дер кезінде тауып отыру. Себебі, адамдар өздерінің ауруға шалдыққанын білмей жүре де береді.
Және ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға алып, вирустың әрмен қарай тарауына, яғни, басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу жұмыстарын ұйымдастырамыз. Жыл сайын 1 желтоқсан - СПИД-пен күрес күніне арналып, қараша айынан бастап акция жүргізіледі. Онда адамдардың көп шоғырланған орталық жерлерінде тұрып жадынамалар таратып, ауызша ақпараттар да беріледі, бейнероликтер көрсетіліп, көпшіліктің назарын аударып, дертке қатысты сауаттандырамыз. Сонымен бірге, сол жерде қан тапсырып, дереу нәтижесін көрсету шаралары жүреді. Биылғы жылы да ол шара жоспарымызда тұр.

- Бұл дертке байқаусызда ұшыраған адамға әрі қарай өмір сүруге қаншалыкты үміт сәулесін жағасыздар?

- Бүгінгі таңда ЖИТС-тың аса қауіпті ауру ретінде аталатыны соншалық, осы атаумен бірге өлім қатар жүретін- дей дәрежеге жетті. Жұртшылықтың ойынша, ЖИТС жұқтырдың ба, әрі кетсе, бір- екі жылда өлуің керек. Адам- дар бұл сырқатты солай қабылдайды. Әрине, бұл дерттің дауасы жоқ. Ол жазылмайды. Бірақ АИТВ жұқпасын жұқтырған алғашқы кезеңде, яғни, ауру ЖИТС (СПИД) синдромына жетпей тұрып, оны асқынтпай, тұрақты ұстап тұруға болады. Адам салауатты өмір салтын сақтаса, өзін- өзі күтсе, иммунитетін қорғай білсе, мамандардың бақылауынан қашпай, айтқанын орындап АИТВ жұқпасымен ұзақ өмір сүруге болады. Халыққа сырқаттың мән-жайы, сақтану тәсілдері және қандай жолдармен қалай жұғатыны жөнінде сауатты ақпарат жетпей жатыр. Біздің мақсатымыз - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұрт шылыққа АИТВ мен ЖИТС туралы толыққанды ақпарат беру.

- Сау адамды бұл аурудан алдын алу вакцинасы әлі әлем бойынша табылмаған болса, қдндай жолмен сақтан- дырасыздар?

- Бүгінде бұл қатерлі дер- ттен толық айығудың емі жоқ болғанымен денсаулығын қалыпта ұстап тұру мүмкіндігі бар. ЖИТС-пен науқастанудан маңызды шаралары мыналар: - әлеуметтік, халықаралық, мемлекеттік шаралар; - жеке басты қорғауға бағытталған шаралар. Тұрғындар арасында ЖИТС жөнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізудің ерекше маңызы бар. Яғни, барлық адам аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс.

Мамандардың пікірінше, мұндай ақпаратқа көпшілік: «маған қатысы жоқ» деген көзқараспен қарайды екен. Осындай немқұрайлылық аурудың таралуына бірден-бір себеп болып отыр. Осы аурудан сақтанып, ақыл-кеңес алғысы келген адамдарға «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» дәрігерлері қол ұшын беруге әрдайым әзір. Бұл орталықта сенім, психо- әлеуметтік кеңес беру және жасырын тестілеу кабинеті мен заманауи құрылғылар мен жабдықталған зертхана жұмыс істейді.

- Сұхбатыңызға рахмет! Еңбектеріңіз оқ нәтижесін берсін! Қорыта айтқанда, әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, арақ-шарап ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, әрбір адам өзін-өзі ЖИТС-тен қорғай алады екен. Салауатты, әдепті өмір сүрейік!

Фарида АЙТҚАЗЫҚЫЗЫ, “Балқаш өңірі”

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады