USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Фотосурет байқауына қатысамын десеңіз....

Фото: Информационный центр Финно-угорских народов

1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Мен - Қазақстандықпын, Қазақстан - менің мақтанышым!» атты фотосурет байқауының (әрі қарай - байқау) ұйымдастыру тәртібін қадағалай- ды. 1.2. Фотосурет байқауын ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы; Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы (әрі қарай ОӘҒК); Қарағанды облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі (әрі қарай - ОКЖ). 1.3 Фотосурет байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсізді- гінің 25 жылдығына арналған. 1.4 Байқаудың мақсаты: Жастар мен өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиемен сусындатып, оларды егемен еліміздің ертеңгі тұтқасы болуға дайындау; 1.5 Байқау міндеттері: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі идеяларын насихаттау; жастарды шығармашылық тұрғысынан ынталандыру; Қарағанды облысы тұрғындарының арасынан бүгінгі Қазақстанға деген өз көзқарастарын фотосурет арқылы жеткізе білген қатысушыларды анықтап, қолдау көрсету; облыс кітапханаларында ақпараттық технология саласын дамыту. 1.6. Байқау келесі тақырыптар аясын қамтиды: «Мәңгілік Ел – бұл біздің ғұмырымыз»; «Тәуелсіз Қазақстанның ескерткіштері»; «Тәуелсіздік нышандары жанындағы селфи»; «Тәуелсіздік – қас-қағым сәт»; 2. Ұйымдастыру комитеті 2.1. Байқауды ұйымдастыру комитеті басқарады. Байқауды дайындауға және өткізуге ОӘҒК жанынан құрылған ұйымдастыру комитеті басшылық жасайды. 2.2. Ұйымдастыру комитетінің қызметі: байқау шарттарын айқындау; байқаудың өткізу уақыты мен қатысушылар категориясын анықтау; қорытындыларын шығару. 2.3. Ұйымдастыру комитетінің жауапкершілігі: Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізуге және ұйымдастыруға жауапты.

Ұйымдастыру комитеті қатысушының қате хабарланған деректері үшін жауапты емес . 2.4. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары: егер байқау жұмысы мәлімденген Ережеге сәйкес келмесе, қатысушының өтінішін қайтарып беруге; қатысушыны байқау шарттарының белгіленген ережелерін бұзғаны үшін байқаудан шығарып тастауға; байқау кезеңінде даулы мәселелер туындаған жағдайда, авторлық құқық немесе өзге де құқықтық мәселелер бұзылған жағдайда қатысушыны байқаудан шектетіп тастауға құқылы; 2.5.Ұйымдастыру комитетінің міндеттері: байқаудың кең ауқымда өтуін қадағалау; барлық қатысушылар үшін бірдей жағдай жасау; байқау қорытындысының шығуын мерзімінен бұрын жарияланбауын қадағалап отыру; 3. Байқауға қатысушылар: Байқауға қатысушыларға жас шамасы және кәсібі бойынша шектеулер қойылмайды. 4. Өткізу мерзімі Байқау облыстық деңгейде екі кезеңде өткізіледі: I кезең — 2016 жылдың 25 қазаны мен 25 қараша аралығында Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында өтеді. Қатысушылар өздерінің жұмыстарының электронды нұсқасын ОКЖ орталық кітапханаларына жібереді. Байқау жұмыстарын жинау орны орталық аудандық кітапхана (ОАК) немесе орталық қалалық кітапхана (ОҚК) болып табылады. ОАК, ОҚК талаптарға сай жұмыстарды іріктеп алғаннан кейін, фотосуреттерді кітапхананың ресми сайтында және кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшасында жариялайды. 25 қараша (00.00) мен 29 қараша (00.00) дейін әлеуметтік желідегі парақшада жарияланған фотосуреттерге онлайн дауыс беру жүргізіледі. 30 қараша - 2 желтоқсан ОҚК немесе ОАК онлайн дауыс беру арқылы анықталған 3 үздік фотосуреттің баспа нұсқасын жинайды. Фотосуретті басып шығару қатысушы есебінен жүзеге асады. 2-4 желтоқсан аралығында ОҚК немесе ОАК 3 үздік фотосуреттің баспа және электрондық нұсқасын Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК жіберу керек. Электрондық нұсқасын metod@karlib.kz электрондық мекен-жайына «Фотоконкурс» деген тақырыппен жібереді.

Хатта фотосурет авторының аты-жөнін, фотосурет атауын, түсіру орны мен күнін, автордың байланыс мәліметтерін міндетті түрде көрсету керек. Фотосуреттің баспа нұсқасы мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44. Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК. II кезең — 2016 жылдың 5 желтоқсаныңда облыс аудандары мен қалаларының ОКЖ байқауға ұсынылған жұмыстары онлайн дауыс беру үшін ОӘҒК Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланады. Дауыс беру 5 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 00.00- де басталып 8 желтоқсанда сағат 00.00-де аяқталады. Дауыс беру нәтижелері бойынша анықталған ең үздік 20 жұмыс іріктеліп алынып, ОӘҒК фотосурет көрмесін ұйымдастырады. Фотосурет көрмесі 12 желтоқсанда басталып, 2016 жылдың соңында аяқталады. 5. Байқауға қатысу рәсімі 5.1. Байқауға JPG нұсқасындағы көлемі кемінде 2000 пиксель, А4 форматында басып шығаруға жарамды фотосуреттер қабылданады (фотосуреттің авторы мен атауы міндетті түрде жазылу керек); Сонымен қатар байқауға фотосуреттің А4 форматында басып шығарылған нұсқасы қабылданады. (2000 х1500 пиксель 20х30 см өлшеміндегі фотосуретке сәйкес).

Фотосуреттер өзіндік сюжеті мен композициясымен ерекшеленуі қажет; оқиғалар, фактілер егеменді Қазақстан тарихымен байланысты болып, рухани және мәдени құндылықтарды, патриотизм, бірлік пен келісімді насихаттауы керек. Әр қатысушы 5 фотосуреттен артық ұсына алмайды. 5.2. Міндетті түрде фотосуретке оның сюжеті мен тарихын ашатын қысқаша аннотация жазылу керек. 5.3. Берілген материалдың авторы байқауға қатысушының өзі болуы керек, ғаламтордан немесе кез-келген басқа жолмен алынған (авторлық құқығы сақталмаған) фотосуреттер байқауға жіберілмейді. 5.4. Фотосуреттер мен материалдар байқау соңыңда қатысушының өзіне қайтарылып беріледі. 6. Бағалау тәртібі 6.1. Таңдалған фотосуреттер мынадай критерийлер бойынша бағаланады: байқауға ұсынылған фотосуреттер тақырыпқа сәйкес болуы қажет; авторлық көзқарас пен бірегейлік және идеясы мен мазмұнының ерекшелігі, авторлық шешім (байқау жұмысының бірегейлігі); көрушіге тартымдылық әсер туғызу; жұмыстың көркемдік сапасы жоғары болуы тиіс (композициясы, түсі және т.б.); орындалуындағы шеберлік пен жоғары сапалық; жолдама мәтінінде сауаттылық пен логика болуы қажет; кадрдың неғұрлым шынайылығы сақталуы қажет, фотоколлаж, бұрмалау болмауы керек; 7. Фотосурет байқауының қорытындысы 7.1. 2016 жылдың 12 желтоқ- санында байқау қорытындысы шығады. 7.2. Байқау жеңімпаздары онлайн дауыс беру қорытындысы арқылы анықталады. Байланыс үшін: Кітапханаларды дамыту бөлімі: тел:. 8-7212- 56-77-55 metod@karlib.kz.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады