USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Ескі әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өтуде

Облысымызда ескі әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өтуде.

– Ауылдық елді мекендерді дамыту қолданыстағы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалармен, облыстың аумақтарды дамыту бағдарламасымен жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың өзінде өңірімізде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасымен 58 білім беру, 4 денсаулық сақтау, 32 мәдени нысандар, 7 бөгеттер мен көпірлер, 4 ауылдың ішкі көшелері жөндеуден өткізіліп, саябақтар, ойын алаңдары мен спорт алаңдарын абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары атқарылды,- деді облыс әкімі А.С.Көлгінов ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің саланатты жиынына қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ күні бүгін аудан тұрғындарының 98%-ы электр жарығы және телефон байланысымен, 93,4%-ы – табиғи газбен қамтылған.

Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 284 адамға 787 млн. сомада шағын несие беріліп, нәтижесінде 708 жаңа жұмыс орындары ашылған.

www.zhaikpress.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады