USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Еліміздің оңтүстік өңірінде жауын жауады

Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста нөсер жауын-шашын жауады, тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады