USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын сақталады

Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын сақталады, оңтүстікте таулы аудандарда қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін күшейеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Қарағанды облысында жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ға дейін күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

kyzylorda-news.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады