USD 334.48 EUR 355.62 RUB 5.25
Астана:

Еліміздің кей жерлерінде қар жауады

Сәрсенбі, 19 қазан күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын мол жауады, жауын-шашынсыз күн райы тек батыста болжанып отыр. Кей аймақтарда сондай-ақ, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, 15-23 м/с жылдамдықта жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 23 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел 23 м/с-қа күшейеді. Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында көктайғақ, бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, желдің екпіні - 15-20 м/с. Алматы облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

kyzylorda-news.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады