USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Елдің атын шығарған Елбасы

Фото: syrboyi.kz

Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н.Ә. Назарбаев АҚШ, Ресей, Қытай, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы кірісті. Осындай беделді шешім үшін әлемдегі алпауыт елдер Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және шекарасының өзгермейтініне құрметін білдірді. Оған қоса Қазақстанның тәуелсіздігіне, территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді. Қазақстанға экономикалық қысым көрсетпейтіндіктерін мәлімдеді.

Президент – елдің басы, яғни сол елдегі ең басты тұлға. Барлық негізгі бағытты нұсқаушы, елдің ішкі және сыртқы саясатын іске асырудағы, шет елдермен жан-жақты терезесі тең байланыс орнатып, мықты мемлекеттің қалыптасуына бас болушы тұлға. Елбасы жыл сайын Қазақстан халқына өзінің алдағы жылдардағы негізгі даму жолдарын көрсететін, бағыт нұсқайтын Жолдауын арнайды. Сол арқылы жаңа идеялар ұсынып, ел өміріндегі қажеттілік туып тұрған жағдайларды баса көрсетеді. Елбасының көрегендігі және сындарлы саясаттары арқасында бірнеше рет сотталғандарға қатысты Рақымшылық Заңдары шығарылып, кішігірім және орта дәрежелі қылмыстар санатына жататын, бірінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып сотталғандар, соның ішінде мүгедектер, әйелдер, кәмелетке толмағандар қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, олар жас мемлекетіміздің аяқтан тұрып кетуіне, экономикасына ат салысуда. Н.Ә.Назарбаев басқарған Егемен Қазақстанның 25 жылдық тарихындағы сот жүйесіне енгізілген заңдардың барлығы да жазаны жеңілдетуге арналған. Барлық еліміздегі елеулі жағдайлар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясаты арқасында жүзеге асып отыр. Мемлекетттің дұрыс бағытта көш бастап бара жатқаны баршаға мәлім. Сан ғасырлық тарихы бар алып Ресей, АҚШ және Қытай сынды мемлекеттермен тығыз байланыс орнатып отырған қазақ елінің әр азаматы бәсекеге қабілетті, саналы, білімді болуға ұмтылуда. Әлемдік аренада бүкіл Орталық Азияға экономикасының қарышты дамуымен, әлеуметтік жаңғырып, мемлекеттік-құқықтық құрылымының дұрыс жолға қойылуымен танымал.

Бауыржан ЕЛЕМЕСОВ, Мұнайлы аудандық сотының төрағасы

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады