USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Елдігіміз бен бірлігіміздің тірегі

Фото: Қазақстан 2050

"Тіл - ақылдың өлшемі, ұлттың жаны" - деген ұлы данышпан жандардың сөзіне сүйенер болсақ, елдің елдігін де, бірлігін де айқындайтын тіл екендігі белгілі. Бүгінгі күні үшінші мыңжылдықтың есігін ашып, ХХІ ғасыр табалдырығын аттап кірген шақта, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ендігі болашағы, шығар биігі саяси- экономикалық жағдайлармен қатар, оның мемлекеттік тілі - қазақ тілінің тағдыры екендігін баршамыз жан- тәнімізбен сезініп, терең түсінеміз. Қазіргі Қазақстанда тіл мәселесіне көп мән беріледі. Әсіресе, үш тұғырлы тіл туралы айта кеткен жөн. Елбасымыз "Үш тұғырлы тіл" туралы идеяны алғаш рет 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, 2007 жылғы жолдауында "Тілдердің үштұғырлылығы" атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы бірінші болып Елбасының саясатын, яғни 2016-2019 жылдарға арналған үштұғырлықты дамытудың Кешенді жоспарын жүзеге асыруда.

Бесқарағай ауданы да бұл бастаманы қолдауда. Жоспарға сәйкес орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәні, қазақ мектептеріндегі орыс тілі пәні және ағылшын тілі пәні мұғалімдері ағымдағы жылдың қаңтар, ақпан айларында диагностикадан өтсе, маусым-қазан айлары аралығында біліктілікті арттыру курсынан өтуде. 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап оқу жоспарының вариативті бөлімінен сағат саны ағылшын тілін оқуға 1-3 сыныптарда 2 сағатқа дейін, 4 сыныпта 3 сағатқа дейін, 5-8 сы- ныптарда 4 сағатқа дейін, 9-11 сыныптарда 5 сағатқа дейін арттырылады, орыс тілін оқуға мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде 1-11 сыныптардың әрқайсысында 1 сағатқа арттырылып, Кешенді жоспар жүзеге асырылуда. 2016 жылғы 22 қыркүйекте үштұғырлықты дамытудың Кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында "Семеновка орта мектебі" КММ базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінң 25 жылдығының қарсаңында, Тілдер мерекесі онкүндігінде "Метапәндік тәсіл арқылы мектептік білім беруде және жұмыс жүйесінде орыс тілін тереңдетіліп оқыту" тақырыбында оқыту семинары өтті. Се- минарға қазақ тілінде оқытылатын мектептердің орыс тілі пәні мұғалімдері қатысты. Семинардың ашылу салтанатынан кейін қазақ тілінде оқытылатын мектептерде орыс тілі пәні мұғалімдерімен "Көптілділік - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі" тақырыбында коучинг өтті. Іс жүзінде тілдердің үштұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылады. Яғни, мемлекет әрбір қазақстандық үшін үш тілді білу әркімнің жеке дамуының міндетті шарты екендігін әрдайым есте ұстауды қалап отыр. Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.

Б. ТАСБУЛАТОВА, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады