USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Елбасымен жүздескен Жүзбай

Қазақстанның тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың 2 қыркүйегінде Сыр бойына іссапармен келгенде аймақтың ахуалымен жіті танысып, еңбекшілермен кездесіп, облыс жұртшылығымен жүздескен болатын. Сол кезеңде Елбасы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобанының жұмысын көзбен көріп, онда жұмыс жасап жатқан «Дорстрой» ЖШС жұмысшылармен жүздесіп, олардың жағдайларымен танысты. Осы кездесуде «Дорстрой» ЖШС бас директорының кеңесшісі Жүзбай Таңрықбаевтың есіміне қызығушылық танытты. Жай-жапсарды білген Елбасы «Дорстрой» ЖШС бас директоры Мұрат Тілеулиевке істі ұтымды ұйымдастырудағы іскерлігіне риза болып, көңілі тола, жұртшылықпен жылы шыраймен қоштасқан-ды. Ал, Жүзекең үшін дəл осы шақ есінде мəңгі ұмытылмастай қалды. Осыдан соң жора-жолдастары, ағайын- туыстары, көңіл жақын тілектестері өздерінің шынай лебіздерін арнады. Арада біршама уақыт өткеннен кейін Жүзекеңді көшеде көрген, танымайтын адамдардың өздері «Елбасымен кездескен кісі» деп бір-біріне айтып бара жатқанын талай көзбен көріп, құлағымен естіді. Сондай сəттерде кеудесін қуаныш сезімі билеп, көкірегіне шаттық сезімі ұялады. Өйткені, алғаш рет Елбасын көзбен көріп, қолын алып сəлемдескен қуанышты сəтін əсте де ауызбен айтып жеткізе алмайды...

ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Жүзбай ағаның əкесі Ыбырақым Шиелі ауданындағы Сұлутөбе ауылдық кеңесіне қарасты «Құмсуат» колхозын құрысып, аталмыш колхозда егіс бригадирі, кол- хоз төрағасы, ферма меңгерушісі қызметтерін ұзақ жыл атқарған азамат. Сол кезеңдерде хал-қадірінше еліміздің аяғынан тік тұрып кетуіне, əлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қоса білген жан. Істі ұтымды ұйымдастырып, қиын- қыстау тұстарда қырманда қызыл дəнді тасытып, алқапта бір масақ қалдырмай, егінді дер кезінде қолмен орып, жината білудің өзі шеберлік болса керек. Осындай ерен ісімен ел есінде Ыбырақым көкенің есімін қадірлеп, артындағы ауылдастары əлі күнге дейін рухын құрмет тұтады. Жүзбай ағамыз осындай тектінің тұяғы.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ ӨНЕГЕ

Ол жасынан өте ширақ, елгезек, қағылез болып өсті. 1968 жылы М.Шоқай ауылындағы Орджони- кидзе атындағы орта мектепті өте жақсы бағамен бітіріп, Қызылорда политехникалық техникумына оқуға түсіп, техник-механик мамандығын алып шығады. Содан «Казсельхоз- техника» автобазасында алғаш еңбек жолын жүргізушіліктен бастап, арада екі ай өтісімен бақылаушы-механик қызметіне көтерілді. Тəжірибе жинақтай келе жол қауіпсіздігі инженері болды. Кейіннен облыстық автокөлік басқармасы іскерлігімен көзге түсе білген жас маманды автокомбинатқа екінші автокеруен бастығы етіп тағайындайды. Жылдар өте келе еңбекпен ысыл- ған азаматты автокомбинаттың партия ұйымының хатшылығына сай- лайды. Облыстық көлік басқармасы 1985 жылы «Транссельхозтех- ника» мекемесіне оны дирек- тор етіп жібереді. Жас та болса өмірдің өткелдері мен тəжірибе мектептерінен өткен Жүзекең ол кезде орда бұзар 35 жаста еді. Нағыз тынымсыз еңбек етер шағы. Адалдықтың ала жібін аттамаған жас басшы автобазаның жұмыс жоспарын артығымен орындап, еңбек пен тəртіпті бір жүйеге келтіреді. Жыл қорытындысы бойынша автобазаны үздіктер қатарына қосып, табыстың тасын өрге домалатты. Осылай жұмысын өрге өрлеткен Жүзбай Таңрықбаев жүк тасымалдау саласының қыры мен сырын терең меңгеріп, облыс экономикасы мен əлеуметтік ахуалын арттыруға барынша өз үлесін қоса білді. Бұл саладағы еткен еңбегі еленіп, «ҚР құрметті автокөлікшісі» төсбелгісінің иегері атанды. Содан 1991 жылдың қазан айында автокомбинатқа директордың орынбасары қызметіне келді. Осы тұста ата-бабамыздың аңсаған арманы орындалып, еліміз тəуелсіздігін алып, егеменді ел атанды. Айдарымыздан жаңа өмірдің жылы лебі есіп, жаңа бетбұрыстар басталды. Заман ағымын арыдан ұғынған Жүзекең бірден жеке кəсіпкерлікпен айналысып Қызылорда қаласындағы қарттар үйін, жетім балалар үйін, ауруханалар мен балабақшаларды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ете бастайды. Бұл істі 11-12 жылдай айналдырып денсаулығына байланысты қол үзіңкіреп алды. Алайда, білікті басшылық жолдан өткен азаматты «Дорстрой» мекеме басшылығы бас директордың кеңесшісі қызметіне шақырды. Өзінің көргені мен көңілге түйгенін жастарға үйретіп ұжымда білікті басшының бірі бола білді.

АРМАНЫН АЯЛАҒАН АЗАМАТ

Жігітке тəн жеті өнерді біз əңгіме арқау еткен Жүзбай Таңрықбаевтың бойынан табасыз – əнші, домбырашы, баянист, суретші, жорналшы, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Тумысынан біткен таланты болар, қолына қалам алып, өзі нің азды-көпті ғұмырында көргендері мен білгендерін ой зерені нен өткізіп «Балалық шағым – балдəуренім», «Сыр саңлақтары» атты өмірнамалық кітаптар шығарып, бүгінде тоғыз кітаптың авторы атанды. Абай айтқандай: «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан» демекші, өмірдегі бастаған жеке кəсіпкерлік ісін қайта жалғап, облыстық «Кəсіпкер келбеті» газеті мен республикалық «Кəсіпкер мəдениеті» жорналын шығарып, баспасөз саласының дамуына өз үлесін қосуда. Сөйтіп, іскерлігінің арқасында 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өзінің жас кезінде «журналист болсам» деген арманын осылай жүзеге асыруда. Бүгінгі ел өміріне ой жүгіртіп қараса, жаны ризашылыққа бөленеді. – Қазақстан Тəуелсіздікке қол жеткізген 25 жылдың ішінде əлемге танымал ел болды. Осының бəрі – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың іскерлігі мен беделінің, сарабдал саясатының жемісі. Сыр өңірі қашанда Елбасының назарында екенін аймақ халқы жақсы біледі. Президенттің тапсырмасын жүзеге асыруда облыстың басшы азаматтары аймақ экономикасын өркендетіп, өндіріс өрісін ұлғайтты. Осының айғағындай жыл сайын облыс орталығы – Қызылорда қаласының ауқымы кеңейе түсуде – деп, қала келбетіне қызыға қараған Жүзбай ағамыз кеудесін кере дем алды. Осындай істерге жаны сүйсінген Жүзекең «əрдайым ел азаматтары аман болсын» деп қояды іштей. Бүгінгі жастардың да алдыңғы толқын ағаларына қарап, жалынды, жігерлі, ақылды, білімді, пара- сатты, салауатты, сауатты болуын жаны қалайды. Жастармен кездескен сайын оларды кəсіптің көзін тауып еңбек етуге, іздене білуге шақырып жүреді. Бүгінде Жүзбай ағамыз Шырын- күл жеңгеміз екеуі бес бала өсіріп, үйлі-баранды етіп, олардан бірнеше немере мен шөбере сүйіп, тамырын тереңге тартқан бəйтерекке айналған өнегелі отбасы. Ол өмірге іңкəр көңілмен үңіліп, келешекке ғашық жүрекпен алға қарайды.

Кенжалы ЕРІМБЕТОВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады