USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Дуалы ауызды Дулат ақын

Дулат Бабатайұлы - ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. Ол осы кезеңдегі қазақ поэзиясын мазмұн, түр жағынан байытып, көркемдік талап тұрғысынан жаңа биікке көтерді. Ауыздан-ауызға, атадан-балаға тарап келе жатқан аңыз әңгімелерді ақын қайта тірілтіп, оларға жан бітіріп оқырманға ұсынды. Ақын шығармаларының негізгі өзегі - ел бірлігі мен жер тұтастығы. Сол тұстағы өмір шындығын уытты да өткір тілмен шеней білген ақын шығармаларының қазақ әдебиетінен алар орны ерекше. Соған орай биылғы 2016 жылғы "Бір ел- бір кітап" акциясы "Зар заман" ақындарының арасындағы жарық жұлдыз - Дулат Бабатайұлының "Өсиетнама" кітабы жыл кітабы болып таңдалды. Осы акция аясында ақынның шығармашылығына арналған "Дуалы ауызды, Дулат ақын" атты әдеби танысу күнін Б.Тұрсынов орта мектебінің 8 "а" сынып оқушыларымен өткізіліп, слайд арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша айтылып, өзінің туып өскен жеріне арнаған өлеңі "Аягөз қайда барасың" , "Асқар таудың сәні жоқ" т.б. өлең жолдары туралы бейнесуреттеме көрсетіліп. Б.Тілеуханның орындауында "Дулаттың толғауын" бейнесюжет арқылы тамашалады.

Оқушылар ақынның "Осындай заман кез болды" Мамалакова Диана , "Еспенбет" дастанынан үзінді Сүлеймен Айым, "Айтқызбасымды айтқыздың"Асылбеков Ертілек өлең жолдарын жатқа айтып мақтау қағаздарымен марапатталды.

Іс-шара ақынның "Тегімді менің сұрасаң" өлең жолдарымен қортындыланды:

Тегімді менің сұрасаң,

Қалың найман нуынан.

Жырымды менің сұрасаң,

Сары алтынның буынан

Сырымды менің сұрасаң,

Тұманың тұнық суынан... -деп жырлаған ақын .Өзі өлседе, артына өшпес мұра қалдырған ақын шығармашылығы ұрпаққа үлгі-өнеге.

Гүлзада Бектұрғанқызы, кітапханашы.

Суретте: Б.Тұрсынов мектебінің оқушылары.

Ұқсас сілтемелер:
06 Желтоқсан 2016, 12:11
Ақын Абаштың айтқандары
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады