USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Декларация - замана шежіресі

23 қарашада Елордамызда өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында халық қалаулылары Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы декларациясын қабылдады. Жаңа құжаттың түпкі-мән-мазмұнына мұқият зер салған жан баласы кешегі Одақ шеңберінде болған, ХХ ғасыр соңына таман өз егемендігін алған, бүгінде жігіттік мүшелге толған жас мемлекеттің ширек ғасырдағы жетістігін айқын сезінеді. Отандық өндірісті өркендетуге, шағын кәсіпкерлікті дамытуға ден қойған, осы негізде әлеуметтік саланың ісін ілгерілеткен мақсатты бағыт өз жемісін беріп те жатыр. «Қазақстанда жасалған» белгісімен дүкен сөрелерінен орын алған, импортты алмастырған отандық тауарлардың үлес салмағы артып келеді. «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары негізгі қос жүйенің дамуын жан-жақты қамти отырып ,әлемде орын алған дағдарыс жағдайында барша қазақстандықтардың тұрақты жұмыспен, қалыпты табыспен, зейнетақымен уақтылы қамтылуына жіті мән берілді.Бұл да Елбасының халықтың әл-ауқатын әлсіретпеуді негізге алған саясатының бірі. Ал еліміз Тәуелсіздік алған шақта бейбіт өмірге бағыт ұстаған игі қадамы - сонау 1991 жылдың 29 тамызы еді. Дәл осы Тұңғыш Президентіміздің ең алғашқы Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. БҰҰ деңгейінде мақұлданған бұл игі іс әрмен қарай ядролық қарусыз әлем қалыптастыруға баршаны шақырған Үндеумен үйлесім тауып келеді. Бір ғажабы: Елбасы ұсынған игі бастама баршаның жүрегіне жол табады, алыс-жақын шет ел өкілдерінің, түрлі мәртебелі ұйым жетекшілерінің қолдауын иеленеді. Басты мақсат - ішкі қауіпсіздік, осынау беймаза қоғамда әлем кеңістігіндегі барша ұлыстардың түрлі тосын оқиғалардан амандығы. Қазақстанның түрлі ірі халықаралық ұйымдарға әр жылдары төрағалық еткені, мүшелігіне енгені - әлем елдері арасында мемлекет мәртебесін тағы бір саты жоғарылатты. Келесі жылғы халықаралық ЭКСПО көрмесінің өткізілетіні елімізді баршаға тағы да жаңа қырынан танытатын болады. Күн санап, жыл санап жаңарып-жасанған бас қала - Астанамыздың бүгінде қаржылық- экономикалық, мәдени-ғылыми ордаға айналғаны, заманауи сәулетті келбетімен баршаны тамсандырғаны болашақтың жарқын келбеті іспеттес. Түрлі заман ағымында барша ұлттың баласын жатсынбай бауырына басқан,бір шаңырақ аясына топтастырған, екінші Отанына айналдырған қазақ еліндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының салиқалы қызметі достық пен бірліктің, шынайы татулық пен ынтымақтастықтың алтын бесігімен пара-пар. «Мәңгілік Ел» болуды басты қағидасына айналдырған, жарқын болашаққа үкілі үмітпен адымдаған елдің болашағы баянды, әрбір басқан із-жолы құтты, ұрпағы зерделі де білікті, жаңашыл экономикасы нығайған, мәдени-спорттық өмірде де толымды нәтижеге жеткен бай-қуатты ел болатынымыз анық.

Н.МҰРАТБЕКҰЛЫ

Ұқсас сілтемелер:
26 Қараша 2016, 15:32
Тәуелсіздік шежіресі
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады