USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Дәуір дарабозы

Қазақ ұлтының тарихында ерен тұлғалар болған. Ұрпақтар сабақтастығы арқылы берілетін бұл қасиет еліміз Тəуелсіздік алған жылдары да көрініс тапты. Ел тізгінін қолына алған Нұрсұлтан Назарбаев қазақ даңқын əлемге асырып, абыройын асқақтатты. Əлем картасынан бейбітшілік пен татулықты ту еткен көрнекті мемлекет орын алып, алып ордаға айналды. Бүгінде қазақ даласында Ел жəне Елбасы деген ерен ұғым қалыптасты. Əлемнің алып мемлекеттерінің назарын өзіне аударып, аз уақытта барлық жағынан тығыз байланыс орнатқан қазақ елі əлемдік өркениет көшінде өзіндік сипатқа ие болды. Дүниенің төрт құбыласында болған сапарларында да Елбасы қазақтың ұлттық рухын, қалыптасқан бай мəдениетін насихаттады. Əлем көшбасшылары қатысқан талай мəртебелі жиындарда да Нұрсұлтан Əбішұлының сөздері аса жоғары бағаға ие болып, тіпті таңданысын да тудырды.

Ежелден келе жатқан елдік пен ерлік рухы жаңа заманда жаңаша сипатқа ие болып, азаттықтың ақ таңында ғаламдық ойлау жүйесінің озық үлгісі болып қалыптасты. Ұлттың жанын мəңгі толқытқан Тəуелсіздік толғауы – сан ғасырдан бергі қол жеткен қымбат қазына, Елбасының «Мəңгілік Ел» идеясына негіз болар тірек. Ұлттың болмысында парасат пен пайым қатар өріліп, адамзаттық деңгейге көтерілді. Қазыналы халықтың қасиет тұтқан қымбаты елмен қайта қауышып, көркемдік кеңістігінде тербелді. Енді қазақ мемлекетінің қалай дамып, қандай жетістікке жетіп отырғаны мұқым халықтың көз алдында. Адами қарым- қатынас құндылығы жағынан да қазақ елі əлем алдында үлкен беделге ие. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев əрбір мемлекетке барған сапарында қазақ елінің құндылығын танытып, сөз маржанын дəлелдеп жүр. Қазақтың арасынан шығып, қазақ елінің абыройын асқақтатқан Елбасының Тəуелсіздік тарихында алатын орны биік. Ең бастысы, ұлы дала елінің перзенті бабалар аманатына адалдық танытып, абыройдың биігіне көтерілді. Қазақ даласы жүзғасырлық, мыңжылдық жəдігерлердің көркем қоймасы. Дала қойнауында адамзат қауымының, оның мəдениетінің қалыптасу кезеңінің барлық құндылықтары бар. Кез келген жəдігерді мұражайлардан табуға болады. Ал, ең басты құндылық – Тəуелсіздік. Тəуелсіздіктің толғауы бар қазақтың жүрегінде тебіреніп тұр. Ел мен Елбасы ұғымының уақыт өткен сайын қадірі артып, іргесі беки түспек.

Ұқсас сілтемелер:
25 Қазан 2016, 15:57
Дала дарабозы
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады