USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Бұрынырақта қарттар үйінде қазақтың қариялары болмаушы еді-Назарбаев

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан" телеарнасындағы "Түнгі студияда" бағдарламасына қонақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында елбасы 90-жылдардағы қиын-қыстау заманды айтып берді. "90-жылдары жағдай қиын болды. Сол кезеңнен өттік. Жағдай қиын болды. Бұрынғы саясат та өтті, бұрынғы тәжірибе де кетті. Жастардың арасындағы қарым-қатынас, үлкенді қалай сыйлау керек - соны үйрету керек деп ойлаймын", - деді елбасы.
Сонымен қатар, Президент жастарға үлгі болатын өсиет айтты. "Бір өте құдайшыл адам Раввин о дүниеге барып, жұмаққа кіріпті. Жұмаққа барса, бір күні өзінің көршісі, ет сатушы жұмақта жүр екен. "Мен құдайға берілгеннен кейін келдім, ал сен неге келдің?" дейді. Анау ойланып қалады, "білмеймін" дейді. Бірақ бір нәрсе бар дейді - "қарт әке-шешем бар еді. Екеуі де онша жүре алмайды. Тамағын іше алмайды. Күнде барып, солардың тамағын ішкізіп, кірін дуып, үйін тазалап кететінмін. Сол үшін жұмаққа келген шығармын" дейді. Осының қандай керемет тәрбиелік мәнісі бар", - деді Назарбаев.
Мұнымен бірге, елбасы қазақ халқының үлкендерді сыйлап өткенін айтты. "Қарияларды қазынамыз деп білген, ананы сүйген, ананы құрметтеген адамбыз. Ананың ақ сүтінен артық еш нәрсе жоқ. (...) Қарттар үйінде бұрын қазақтың қариялары болмаушы еді. Басқалардыкі болушы еді. Ал қазір барсаң, қазақтың қариялары сол жерде. Амалсыздан, жанына отырып, әңгімелескенде "Балаларыңыз бар ма?" деп сұраймын. Олар "қайтесің оны, қарағым сұрап соны, айтпай-ақ қой" дейді. Бәрі түсінікті. Сол кезде ішің ашиды, әрине. Анаға, әкеге жасаған жақсылық та, жаманшылық та өз балаларының алдына келеді. Әр уақытта ойланыңдар. Оларға бірдеңе бөліп берудің, жалақыларыңның жартысын беріп отырудың қажеті жоқ. Бес минут жанында отырып, мойнынан құшақтап, "папа", "мама" десең, соның өзі керек. Басқасының бәрі керегі жоқ. Айтарым осы еді сендерге", - деп қорытындылады сөзін Президент.

kyzylorda-news.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады