USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Бірлігіміз бекем

Фото: Altaynews.kz

Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы игі бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылы Қазақстан халықтарының І-ші форумында көтергені белгілі. Осынау жемісті саясатты жүзеге асыруда, яғни біртұтас ұлт қалыптастыруда 1995 жылдың 1-наурызында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен құрылған Қазақстан халықтары ассамблеясының үлкен ролі бар.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының басты ерекшелігі – оның конституциялық статусында екені анық. Тек Қазақстанда ғана Халық Ассамблеясын мемлекет басшысы басқарады. Басқа мемлекеттерде мұндай институттар халықтар ассамблеясы деп аталса, оның Қазақстандағы атауы – Халық Ассамблеясы. Өйткені қазақ жерінде тату-тәтті тұрмыс кешіп жатқан әр ұлт санына, этникалық және діни айырмасына қарамастан біртұтас Қазақстан халқының бір бөлшегі болып табылады. Қазақстан Ассамблеясы әртүрлі этностардың мәдениетін сақтап, дамы- туға көптеп көңіл бөлініп келеді. Бұл Ассамблеяның іргетасының қаланып, шаңырағының көтерілуі тікелей Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі деп білемін. Мемлекетімізде бейбіт өмір мен ел бірлігінің сақталғандығын зор мақтанышпен айта аламыз. Елін сүйген Елбасының салиқалы саясатының арқасында өзара тығыз экономикалық байланыс орын алуда. Биыл ел тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Осы аралықта еліміз Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен өзге де даму- шы елдер қатарына қосылып, қарыштап алға озуда. Ұлттар достығына ұлы жол ашылды. Жыр алыбы Жамбыл ақын атындағы көп ұлтты ауданда әр ұлт өкідері тату-тәтті бір шаңырақ астында бақытты өмір сүріп келеміз. Бәріміз тең құқылы, бір атаның баласындай бір дастарханнан дәм татып, ортақ мақсат жолында еңбектенудеміз. Бүгінгі таңда ауданымызда түрік, орыс, ұйғыр этно мәдени орталықтары бар. Кезінде түрік этно мәдени орталығына жетекшілік жасадым. Қазір бұл орталықты жалын жігерлі жас Рафик Гуняшев басқарады. Барлық мерекелік іс-шараларға қатысқан түрік ұлтының өкілдері Елбасының дана, дара саясатын қуаттап, қолдап келеді. Ұлан-ғайыр ұлы дала елінің еншісі бөлінбес бір мүшесі ретінде достық туын берік ұстаудамыз. Өйткені, бірлік бар жерде қуатты тірлік бар екенін жақсы білеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы ұлт көшбасшысы екендігін дәлелдеген бірден-бір ұлы тұлға. 2007 жылы Елбасының біздің ауданға, яғни Ұзынғашқа келген сапарында алдына шығып сөз сөйлеу бақыты маған бұйырған еді. Мен сонда ұлттар достығы мен Ассамблея туралы қазақша, орысша баяндама жасадым. Маған Президент Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің жүрекжарды ризашылығын білдірді. Ел ертеңін ойлаған кемеңгер тұлғамен кездесу мен үшін зор қуаныш, мол бақыт болғаны белгілі. Айналып келгенде, туысқандық пен береке бірлік ұлттар арасындағы алтын көпірге Қазақстанның табанды тірегіне айналды. 1-ші желтоқсан – Президент күні ұлық мереке. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, елін кемелді келешекке бастаған Нұрсұлтан Әбішұлының алдағы жауапты қызметіне табыс тілеймін. Еліміз аман, заман тыныш болсын.

Ансар Эюбов, Қазақстанның Халықтық ассамблея мүшесі, Жамбыл ауданының құрметті азаматы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі

Ұқсас сілтемелер:
01 Желтоқсан 2016, 14:10
Болашағы бекем Белкөл
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады