USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

БІРЕУГЕ БАҚ, БІРЕУГЕ ЫРЫС ҚОНАР

Қарсақбай кентіндегі «Ж.Жаба- ев атындағы №15 Қарсақбай орта мектебінде «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді. Жыл сайын мектепте «Мектепке жол» акциясы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде өткізіліп келеді. Биылғы акция Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды. Осы бағытта атқарылып жатқан игілікті жұмыстар көңіл қуантарлық дәрежеде.

Яғни, акция барысында 40 оқушыға 82500 теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Қарсақбай металлургия зауытының директоры М.Мәткенов пен кент әкімі Б.Нұрғазинов 30 балаға әр оқушыға 2000 теңге көлемінде жасалған оқуға қажетті құрал-жабдықтармен демеушілік көрсетті. Жезқазған қаласындағы «Медина» тігін ательесі 12700 теңге көлемінде оқушы формасы тегін тігіп берілді. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері А.Кемелбекова, Б.Шмакова, Ж.Қошмұратқызы, А.Әбікенқызы өз үлестерін қосты.

Республикалық деңгейде жүргізіліп жатқан «Мектепке жол» акциясына қатысып, балаларға жүректерінің жылуын сыйлап, қолұшын берер азаматтарымыз көп болғай. Қайырымдылық іс-шарасына қатысқан балалар қуанып, акцияны ұйымдастырушыларға және қызметкерлерге алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Жоғарыда аталған шара алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жоғары деңгейде өткізіледі деген үміттеміз.

Г.АЙЖІГІТ, №15 Қарсақбай орта мектебінің әлеуметтік педагогы

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады