USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

БАТЫРЛАР ЕСІМІ МӘҢГІ ЖҮРЕКТЕ

Азаттық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа болсын оңай түспейтіні анық. Осыдан 27 жыл бұрын жауласудан көз ашпаған азаматтар кешегі ауған соғысының зардабын көрді. Отан алдындағы міндетті арқалаған 22 мың қазақстандық жауынгер соғыс қимылына қатысқан болатын. Жазықсыз төгілген қан, қаралыда нәубет жылдарында бірі опат болса, бірі мүгедек атанды, бірі мүлдем іс-түссіз жоғалып кетті. Ал, тарихтың қара бетінде парақталып қалған сол бір он жыл ішіндегі зұлматты оқиғаның мән- жайын, нақты анық - қанығын өз көзімен көрген, бел ортасында жүрген қайсар да, ержүрек ағаларымыз ғана біледі. Өткен аптада аудандық Үмбетей жырау атындағы мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық айтулы датасымен орайласқан 25 жұлдызды күн аясында «Ел болашағы – бірлікте» атты кездесу өтті. Жиналған жұртшылық ауған соғысында қаза тапқан батырларды бір минөт үнсіздікпен еске алды. Қала әкімі Төлеутай Мұхамеджанов меймандарға жылы лебізін арнады. Ауған соғысы ардагерлерінің облыстық кеңесінің төрағасы Дуанбай Ыбыраев: «25 жыл бұрын ешкім бізді білмеген еді. Елбасының салиқалы саясаты арқасында дамыған мемлекеттің қатарына ендік. Қазіргі таңда сіздер бейбіт елде өмір сүріп жатқан бақытты жас ұрпақсыздар», – деп алғы сөзін айтты. Жалпы ауған соғысы ардагерлерін әспеттеуге арналған жүздесуде интернационалист жауынгер жерлестеріміз және облысымыздың әр аймағынан келген қонақтарға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, республикалық ардагерлер ұйымының үйле стіру кеңе сінің төрағасы, Халық Қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың қолы қойылған Алғыс хат табысталды. Сондай - ақ қаламыздың орталығында ауған жауынгерлері ескерткішін орнатуға, арнайы аллеясын безендіруге қосқан сүбелі үлесі үшін қала әкімі Төлеутай Мұхамеджанов Халық қаһарманы аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалімен көтермеленді. Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Жанболат Кәмелиденов аудан әкімшілігіне алғысын білдірді. Барша қауымды айтулы дата – Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай келе, әрбір өскелең жастың бойында Отанға сүйіспеншілік, патриоттық сезім қалыптасуы керектігін алға тартты. Ауданның қорғаныс істері бөлімінің басшысы Дулат Ділдебаев Елбасы тапсырмасы бойынша түрлі салада жоғары жетістіктерге жетудегі келелі ой- пікірімен бөлісті. Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің көпке танымал өнерпаздары қонақтарға арнап рухты әндерін шарықтата шырқады. Тағылымы мол кездесуден соң шара меймандары Ардагерлер саябағына бет алды. Ауғанстанда ерлікпен қаза тапқан қаһармандар ескерткішіне гүл шоғын қойды. Ал батырлық үлгісін көрсеткен олардың рухына тағзым ету, көзі тірілеріне құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақ парызы.

Г.ҚАНАПИЯНОВА Суретті түсірген автор.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады