USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

БАСТЫ МАҚСАТ-ПАРТИЯ БЕДЕЛІН КӨТЕРУ

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен филиалға қарасты бастауыш партия ұйымдарының есеп беру – сайлау жиналыстары басталып кеткендігінен оқырман қауым құлағдар. Бекітілген кестеге сәйкес, осындай кезекті есеп беру – сайлау жиналысы Сарыкемер ауылдық округіндегі «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымында өткізілді.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Байтақова, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі С.Кенжебаев және бастауыш партия ұйымы мүшелерінің қатысуымен өткен жиналыс барысында күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.

Аталмыш жиын Гимнмен ашылған соң, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сәкен Сыздықов баяндама жасады. Ол өз баяндамасында бастауыш партия ұйымының екі жылда атқарған жұмыстары туралы есеп берді. «Нұр Отан» партиясының ықпалымен мұнда да ауқымды істер атқарылғаны сөз болды. Бұдан өзге баяндамашы өз сөзінде бастауыш партия ұйымының қол жеткізген жетістіктері мен болашақтағы мақсаттары және партияның тоғыз жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ана мен бала денсаулығы, жергілікті жердегі өзін-өзі басқаруды дамыту, сонымен бірге қазіргі таңдағы ең көкейкесті деген мәселелер төңірегінде ой қозғады.

Баяндама аяқталысымен партия мүшелері Исағали Сәлімбаев пен Дулат Жақыпбековтер жарыссөзге шығып, Сәкен Шәмшіұлының жасаған баяндамасын талқыға салды. Баяндама бойынша атқарылған ауқымды оң істерге қанағаттанарлық деген баға берді.

Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, қаулылар қабылданды. Бастауыш партия ұйымының бюро мүшелігіне жеті адам бекітіліп, аудандық филиалдың ХІ Х есеп беру – сайлау конференциясына он бір адам делегат болып сайланды. Сонымен қатар, жиын барысында оған қатысушылар бірауыздан «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымының төрағасы етіп С.Сыздықовты, оның орынбасарлығына Н.Сапаралиеваны сайлады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады