USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Балқаштық оқушы Елбасына алғысын жеткізді

Біздің Тәуелсіздікті алғанымызға 25 жыл толды. Егемендік алып, жеке мемлекет болдық. Еліміз жылдан-жылға көркейіп өсіп келеді. Мемлекетімізбен бірге тіліміз де тәуелсіздік алып, қазақ тілінің мәртебесі көркейді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тұғырлы бағдарламасы бойынша келешек жас ұрпақтардың үш тілді меңгеруі қолға алынды. Біздің заңға көптеген өзгертулер енгізілді. Осының барлығы біздің болашағымыз. «Ұрпағы жақсы ел азбайды» демекші, біздің бабаларымыз, батырларымыз салып кеткен сара жол кейінгі біздерге, яғни ұрпақтарына қалдырған. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жолында біздің аға-апаларымыз мерт болды. Соның ішінде Қайрат, Ләззат, тағы да басқа мерт болған аға-апаларымыз бар. Сол кездегі батырларымыздың ерліктерінің арқасында бақытты балалық шағымыз өтуде. Елбасының ерен еңбегінің арқасында осындай жарқын, бейбіт күнде өмір сүріп жатырмыз.

Альмира АБИЛОВА, М.Русаков атындағы №2 мектеп-интернатының 3-сынып оқушысы

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады