USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Балалар назардан тыс қалмасын

2016 жылдың 21 желтоқсанында Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында Қызылорда облысы аумағында «Тәуелсіздік шапағаты» қайырымдылық айлығын өткізу жөніндегі және «Ұлы Дала Елі- Тәуелсіздіктің негізі» атты 25 жұлдызды күн іс-шаралар жоспары аясында өткізілетін «Бар жақсылық балаларға» атты қайырымдылық ақциясы өткізілді. Қайырымдылық акциясының мақсаты мейірімділік пен ізгілікті қажетсінетін балаларға айрықша назар аудару. Қоғамның «әлжуаз» топтары мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға қолдау көрсету арқылы олардың әлеуметтену, кірігу деңгейін және қайырымдьшық акциясына тарту, үлес қосу арқылы азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Акцияға «Еларай», «Үміт» қоғамдық қорлары, «Камилла» гүлдер дүкенінің үжымы, «Айгерім» жеке кәсіпкер және қызмет алушы балалар, ата-аналар мен қызметкерлер қатысты.

Акцияға келушілер балаларға арналған ойыншықтар мен бейнелеу терапиясына арналған топтамалар тарту етті. Акция барысында Қызылорда облысы бойынша Жас суретшілер Одағының төреғасы Тойшыбаев Даулеттің «Сәби бақыты» атты құм анимациясы көрсетіліп, орталықтың жетістіктері айтылды. Акцияға қатысушылар балалык шаққа бір сәтке оралып, балалармен бірге ертегілер кейіпкерлерін сомдады. Түрлі ойындарға қатысып, сурет салды. Орталық балаларының дайындаған әндері мен билерін тамашалады. Шара соңында балалар өздері дайындаған сыйлықтарды қонақтарға ұсынды.

К.ЖОМАРТОВА Әлеуметтік жүмыстар жөніндегі орынбасары

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады