USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Аурухана ұжымы мерекеге тарту жасады

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандағы мекеме күндерін аудандық орталық аурухананың және аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының мерекеге тартуы тамашаланды. Мәдениет үйінің үлкен сахнасында «Тәуелсіз елім- тірегім!» атты концертінде қазақ елі үшін мәні де, маңызы да айрықша Тәуелсіздікті жырлап өткен кеш «Ситора» биімен ашылды. Би барысында күркіретіп, найзағайлатып ортаға Гиппократ еніп, дәрігерлердің антын алды. Артынша сахнаға аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, АОА бастауыш партия ұйымының төрағасы Жәнібек Оспанов сөз сөйлеп, жиылғандарды, жалпы қазақстандықтарды мерейлі мерекемен құттықтады: «Биылғы киелі Отанымыздың іргесі қаланғанына 25 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына салауатты, білімді де білікті, салмақты да, көргенді халқымен еніп, биік белестерден көрініп, іргеміз нық, шаңырағымыз биіктеп, еліміз көркее берсін» дей келе, бірқатар медицина қызметкерлерін осы Тәуелсіздік жолында аянбай тер төгіп, еңбек сіңіргендері үшін марапаттап, бағалы сыйлықтар табы етті. Әрі қарай ортаға ұйымшыл өнерлі ұжымдардардың мерекеге әзірлеген бағдарламасы ұсынылды. Серік Шахаров шығып, «Біздің елдің жігіттері» термесін және «Атамекен» әнін төгілте орындаса, Раиса Рудченко әсем дауысымен «Сильные люди Великой земли», «Земля моя» әндерін ерекше шырқады. Қазақта 7 санының киелілігін көрсеткен ұжым, жеті шырақты алып шығып, қазақтың байтақ жеріне, ата-баба рухына, жылулық пен жарық бе- ретін отқа, ананың балаға деген, әрбір адамның Отанына деген махаббатына, Қазақстан халықтарының бірлігіне, Отан үшін отқа түсер патриоттарға және еліміздің жарқын болашағына арнап жағылды. Бұдан соң қазақ жұртының кең пейілі мен қонақжайлығын әспеттеген «Қонақ асы» атты салтымызды дәріптеген әдемі көрініс көптің қошеметіне ие бол- ды. Қазақтың дархан даласын төстеген малшы үш баласына бар байлығы – малын таратып, төртінші бөлігін келім-кетім қонағының несібесіне қалдырады. Сөйтіп, қолы ашық қазекеңнің қонаққа деген ерекше ілтипаты мен сый- құрметін айрықша көрсетті. Шығармашылық кештің соңында «Достық» биі биленіп, әр ұлт өкілдерінің киімін киген өнерпаздар ортаға 25 саны мен жарқыраған жұлдыздың бейнесін алып шықты. Аталған шашулы концерт өз ерекшелігімен бірлескен ұйымшылдықпен өткізген шырайлы шараның бағасын берер әділ қазылар мен бірге халықтың ризалығын ала алды деген ойдамыз.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады