USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Ауыл еңбеккерлері марапатталды

Бурабай кентінде орналасқан «Нұрсәт» мейрамханасында ауылшаруашылығы саласының қызметкерлері, сала ардагерлері, шаруашылық басшылары, аудан әкімі аппаратының қатысуымен аталмыш мереке жаңа нұсқада кеңейтілген бағдарлама бойынша аталып өтті.

Шақырылған қонақтардың барлығы мерекелі жайылған мол дастарханның басында тоғысты.

Аудандық мәдениет үйінің өнерлі ұжымы мың бұралған бишілердің толқынды биімен дәстүрлі мерекенің ажарын ашып, жиналған халықтың еңсесін тіктеді.

Алғашқы құттықтау сөзі ауданымыздың әкімі Төлеген Тәшмағамбетовке берілді. Ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегін қашанда жоғары бағалайтын аудан басшысы, биылғы жылдың егін жинау науқанында уақытпен санаспай, бітік егінді мерзімінде жинап, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген ауыл еңбеккерлеріне алғысын білдірді. Мерекенің басты қонақтары ұзақ жылдар аталған саланың майталман ардагерлеріне айналған зейнеткерлер қауымына ел игілігінің өркендеп-дамуына қосқан қалтқысыз еңбектері үшін рахметін айтып, алғысын жеткізді.

Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Мұратов аудан көлемінде биылғы егін ору науқанының қандай деңгейде жүргізілгені, ауыл еңбеккерлерінің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұйымшылдықпен атқарған жауапты науқанның орындалу барысына тоқталып, ауқымды баяндама жасады. Жаңа технологияларды қолданып, егін ору науқанын аз күнде игеріп, өзге шаруашылықтарға да қолғабыс көрсеткен шаруашылық басшыларына ризашылық білдірді.

Одан кейін сахнаға аудан әкімі Төлеген Жұмабекұлы көтеріліп, әр түрлі аталымдар бойынша ауыл шаруашылығы саласының үздік еңбеккерлерін марапаттау рәсіміне кірісті.

«Ең үздік өсімдік шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы» аталымында «Қаражар-2015» серіктестігінен Тұрлыбек Болатов, «Ең үздік өсімдік шаруашылығы саласы» аталымында «Нарж» шаруа қожалығының басшысы Валерий Нарыжный, «Ең үздік ауыл шаруашылығы саласындағы ауыл кәсіпорны» аталымында «Абдрахманов» жеке кәсіпкерлігінен Болат Абдрахманов, «Ең үздік агроном» аталымында «Бурабай-2007» серіктестігінен Мұсылбек Қанафин, «Ең үздік мал дәрігері маманы» аталымында аудандық ветеринария бөлімінің маманы Марғарап Сұлтанов, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік Одағының ІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен аудандық ветеринария бөлімінің жетекшісі Жұмабек Қуанышев, осындай аталыммен ІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен «Арқа-Сәулет» ЖШС Владимир Зайцев, «Еңбек даңқы» ІІ-дәрежелі төс белгісімен ҚазОШҒЗИ Ринат Хадиевтар марапатталып, үздіктер қатарынан танылды.

Келесі топ өкілдерін марапаттау үшін сахнаға аудандық мәслихаттың хатшысы Өтелбай Бейсенов шақырылды. «Ең үздік ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорны» аталымында «Айна» сауда үйінің басшысы Ерсайын Боранбаев, «Ең үздік астық қабылдау кәсіпорны» аталымында «Жасыл» астық қабылдау кәсіпорны серіктестігі Анатолий Мальков, «Ең үздік өсімдік шаруашылығы саласындағы» шаруа қожалығы аталымында «Кәрім» шаруа қожалығы Қажымұрат Қабдулинов, «Ең үздік комбайншы» аталымында «Есіл-Агро» серіктестігінен Сағындық Кәрімов, «Ең үздік механизатор» аталымында «Бидайық» серіктестігінен Николай Тиесов, «Ең үздік инженер» аталымында Юрий Мальков, «Ең үздік көлік жүргізуші» аталымында «Алтын бидай-2020» ЖШС Денис Рыков, «Ең үздік малшы» аталымында «Дастан» шаруа қожалығынан Оңғар Әлібековтер лайық деп танылып, марапатқа қол жеткізді.

Ауданымызда үздік деп танылған тағы бір топты аудан әкімінің орынбасары Ерлан Мұратов марапаттады. «Ең үздік агроном» аталымында «Агрофирма Веденов» серіктестігі Роман Киямов, «Ең үздік механизатор» аталымында Владимир Славинский «Андреев» шаруа қожалығы, «Ең үздік механизатор» аталымында Владимир Прескоков «Клен» АШК ЖШС, «Ең үздік комбайншы» аталымында «Кенесары-Бидай» серіктестігі Николай Грин, «Ең үздік көлік жүргізуші» Александр Лиепа «Агрофирма Веденов» ЖШС, «Ең үздік сауыншы» аталымында «Жас» шаруа қожалығының үздік сауыншысы Жанар Исабаева, «Ең үздік малшы» аталымында «Айдын» шаруа қожалығынан Қуандық Тайтілеуовтар қол жеткізді. Ауыл шаруашылығы үздіктерінің барлығына арнайы «Құрмет грамотасы» мен естелік сыйлықтар тапсырылды. Мерекенің қадірменді меймандары ретінде шақырылған сала ардагерлеріне де аудан әкімінің атынан естелік сый-сияпаттар ұсынылды.

Әрбір аталымдар бойынша үздік танылған еңбеккерлерге арнап аудандық Мәдениет үйінің белгілі жезтаңдай әншілері Өмірзақ Құрбанов, Дмитрий Громадских, Айсұлу Жамантықова, Гүлнұр Аймахан, Нұржан Әуелбеков, Ержан Есімов ән мен жырдан шашу шашса, күйші Риза Сатыбалдинова халқымыздың танымал шығармаларын орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Түйіндей келе ауыл шаруашылығы сала қызметкердерін келе жатқан Тәуелсіздіктің 25 жылдық төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Ел экономикасының гүлдену жолындағы өлшеусіз еңбектеріңіз елене берсін, барлығымыз бірге адал еңбек етіп, еліміздің болашағы бірлікте екенін ұмытпайық!

Болат Сабырұлы

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады