USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Ата заңым - қыран биік тұғырым

Ел егемендігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған "Ұлы дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі" атты іс- шаралар жоспарының келесі күні мемлекетіміздің басты құжаты Конституция тақырыбына арналды. Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қараша айының 22-жұлдызында А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде "Ата Заңым - қыран биік тұғырым" тақырыбында лекция концерт өтті.

Шара прологпен ашылып, ел арасында әділдігімен халыққа танымал болған қазақтың әйгілі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің бейнесінде Ата Заңды ұлықтайтын өлең шумақтары оқылды. Мұнан кейін лекция концерттің алғы сөзі қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қуаныш Жанұзақовқа берілді. - Тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі Ата Заңымыз - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет қалыптастыруға әсер еткені айқын. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында аталып өткізіліп жатқан шараға барлығымыз аса үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Біз еліміздің ажырамас құндылықтары ретінде Туымызды, Елтаңбамызды және Әнұранымызды танысақ, оны қорғайтын біздің Ата Заңымыз және шекарамыз. Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері Елбасымыздың алға қойған мақсат-міндеттерінің жүзеге асырылуы Ата Заңымыздан тарайтын нормалардың нәтижелілігін және өз деңгейінде орындалып жатқандығын көрсетеді, - деді Қуаныш Қуантқанұлы. Мерекелік шарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті "Қазақстан тарихы" кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Меруерт Аңсатова тақырып төңірегінде баяндама оқыды. Жастардың бойына патриоттық тәрбиені сіңіруге бағыт- талған баяндама барысында елдің өткені мен келешегіне қатысты ойын жеткізді. Еліміздің басты құжаты санаталын Ата Заңның мәртебесіне тоқталды. - Ата Заң біздің еліміздің дамуына ер- кіндік береді.

Даму қарқынын біздің Сыр елінен де анық көруге болады. Осыдан 25 жыл бұрынғы Қызылорда мен қазіргі келбеті мүлдем екі бөлек. Қазірдің өзінде біздің облыс Қазақстан бойынша өркендеп келе жатқан алдың қатарлы аймақтардың бірі. Мұның барлығы да біздің болашағымызда деген сенімнің бар екендігін көрсетеді. Ал, болашақтың сенімінің негізі ол біздің - Ата Заңымыз. Мына отырған жастар - сендер Ұлы дала Елінің тәуелсіздігін ары қарай жалғасытырып, оны мәңгілік ел етіп қалыптастыратын мұрагерісіңдер, - деді Меруерт Аңсатова баяндама соңында. Қазақстан Республикасы Тәуелсізді- гінің 25 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған кеш А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйі әншілерінің патриоттық тақырыпта шырқалған концерттің бағдарламамен қорытындыланды.

Ұқсас сілтемелер:
08 Желтоқсан 2016, 15:45
Ғасыр құрдасы Қонысбек ата
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады